Танымал әнші Мақпал Жүнісова Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданына қарасты Қараөзен ауылының 60 жылдық мерейтойына қатысты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі ауыл тұрғындарының қонақжайлығына риза болған. Концерт алдында Қараөзенге жақын орналасқан Жалпақтал кентінде белгілі композитор әрі өнер жанашыры Баян Қабиеваның үйінен дәм татқан.
Мақпал Жүнісова ел алдында дастарханнан жақсылап тамақтанып алғанын әзілмен жеткізді. Әнші өзіне қатысты айтылатын пікірлерге де тоқталды.
«Тойып алдық дегенге басқа нәрсе деп ойлап қалмаңдар. Тұзымыз жеңіл адамдармыз. Өмір бақи онымен айналыспасақта, солай атымыз шығып кетті. Біздікінің бәрі көрініп тұрады ғой. Сондықтан мен оған қатты қайғырып жүрген жоқпын. Айтқан адам айта берсін. Өзім аман болсам болды», – деді әнші.
Өнер иесі өзіне қатысты сын-пікірлерге алаңдамайтынын және бастысы амандық екенін атап өтті.


