Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Саясат»Трамп пен Зеленский арасында жаңа текетірес: Ресей мұнай зауыттарына соққы АҚШ-тың ашуын туғызды
Саясат

Трамп пен Зеленский арасында жаңа текетірес: Ресей мұнай зауыттарына соққы АҚШ-тың ашуын туғызды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы17.10.202613
АҚШ пен Украина арасындағы келіспеушілік Киевтің Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасаған соққыларын қайта бастауы және әскери спутниктік байланысқа қойылған шектеулерден кейін күшейді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамп 11 қазанда Ресей мен Украина энергетикалық нысандарға шабуыл жасауды тоқтатуға келіскенін мәлімдеген. Алайда Киев бұл бастаманы Мәскеу орындамады деп есептейді. Украина президенті Владимир Зеленский Ресей украиналық энергетикалық инфрақұрылымға соққы беруді жалғастырғандықтан, Киев те Ресейдің мұнай өңдеу нысандарына шабуыл жасауды қайта бастайтынын айтты.

15 қазанда Украина дрондары Мәскеуден оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 180 шақырым жерде орналасқан Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытына соққы жасады. Ресей билігі нысан аумағында өрт шыққанын хабарлады. Трамп Украина әрекетін сынап, мұндай шабуылдар әлемдік мұнай бағасының өсуіне ықпал ететінін мәлімдеді.

Қайшылықты күшейткен тағы бір мәселе – Украина әскері пайдаланатын Starlink және АҚШ үкіметіне тиесілі Starshield спутниктік байланыс жүйелерінің жұмысына қойылған уақытша шектеулер. Reuters агенттігінің дерегінше, Starshield жүйесіне қатысты шектеу енгізу туралы нұсқау Ақ үйден Пентагон басшылығына берілген. Алайда АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілі Трамптың мұндай тапсырма бермегенін айтқан.

Зеленский АҚШ президентінің Мәскеумен келісімдеріне және спутниктік байланысқа қойылған шектеулерге наразылығын білдіріп, Вашингтонның қолдауына қатысты алаңдаушылық білдірді. Осы жағдай аясында Украина басшысы Еуропалық одақ жетекшілерімен кездесіп, Киевке қосымша көмек көрсету мәселесін талқылау үшін Брюссельге барды.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЖанармай бекетінде анасы мен екі қызы өртеніп кетті
Next Article Тағы да шу: Қайрат Нұртастың Қызылордадағы концерті кейінге шегерілді

Оқи отырыңыз...

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.20268

Германияда алғаш рет әйел адам президент атануы мүмкін

30.10.20264

Мемлекет басшысы «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі аллеясын ашты

30.10.20264
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202642

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026258

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.20269

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.20268

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202616

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202614

Оқушылары жаппай уланған Республикалық физика-математика мектебі екінші тоқсанда да ашылмайды

30.10.202611

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.