Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Саясат»Трамп соғыссыз бағындырды: АҚШ пен Дания Гренландия бойынша келісімге келді
Саясат

Трамп соғыссыз бағындырды: АҚШ пен Дания Гренландия бойынша келісімге келді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы20.09.202661
Фото: istockphoto.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Дания және Гренландиямен аралдың қауіпсіздігі мәселелері бойынша уағдаластыққа келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Оның айтуынша, АҚШ Гренландия мен Америка Құрама Штаттарының қауіпсіздігін қорғау үшін қажетті шараларды қабылдауға мерзімсіз құқық алады, сондай-ақ аралдағы әскери қатысуын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Трамптың айтуынша, келісім АҚШ-тың Гренландиядағы қауіпсіздік мәселелерін тұрақты бақылауда ұстауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар Вашингтонның келісімінсіз басқа елдер аралда әскери база құра алмайды және стратегиялық маңызы бар инвестициялар жасай алмайды.

АҚШ президенті әскери қатысуды кеңейту жұмыстары бірден басталатынын мәлімдеді. Сонымен қатар ол бұл уағдаластық АҚШ тарапынан шығынды талап етпейтінін айтты.

Копенгаген мен Нуук Вашингтонмен уағдаластыққа қол жеткізілгенін растады. Алайда тараптар әзірге бұл келісімнің толық рәсімделмегенін атап өтті. Дания мен Гренландияның бірлескен мәлімдемесінде уағдаластық Арктика мен Солтүстік Атлантикадағы қауіпсіздікті нығайтуға, сондай-ақ Данияның егемендігі мен Гренландия халқының өзін-өзі анықтау құқығын ескеруге тиіс екені айтылған.

Дания премьер-министрі Метте Фредериксен бұл уағдаластық НАТО-ның ортақ қауіпсіздік мүдделеріне сай келетінін айтты. Гренландия үкіметінің басшысы Йенс-Фредерик Нильсен келісім Гренландия, Дания, АҚШ және Батыс одағының қауіпсіздігін нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Сонымен бірге Копенгаген мен Нууктың мәлімдемелеріне қарағанда, түпкілікті құжаттарға әзірге қол қойылмаған. Гренландия мен Дания билігі қол жеткізілген уағдаластықтарды Вашингтонмен жасалатын болашақ келісімнің негізі ретінде сипаттап отыр. Келісімге келесі аптада БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында қол қою жоспарланған.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұл уағдаластықтарды Вашингтонның ірі жетістігі деп атады. Оның айтуынша, Дания мен Гренландияда аралды өз бетінше қорғауға жеткілікті қаржы ресурстары жоқ, ал АҚШ-та қажетті мүмкіндіктер бар.

Келіссөздер Трамп әкімшілігінің Гренландияға қатысты АҚШ бақылауын күшейтуге бағытталған бірнеше жылдық әрекеттерінің жалғасы болды. Арал Дания құрамындағы автономиялық аумақ болып саналады және Арктикадағы орналасуына байланысты стратегиялық маңызға ие. АҚШ билігі бұған дейін де Гренландияның табиғи ресурстарына назар аударған.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleКеудесіне 14 оқ тиген: Алматы облысында төбелескендерге араша түскен 23 жастағы жігіт қаза тапты
Next Article Салондағы жолаушылар жарақаттанды: Алматыда автобус пен Toyota соқтығысты (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20261

Alatau City логистиканы, өнеркәсіпті және қалалық инфрақұрылымды дамыту үшін германиялық технологияларды тартады

30.09.202610

Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары Мюнхен қаласында жалғасады

30.09.202614
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда алғаш рет: Астанада әлемдегі ең ірі AI-кино байқауы қорытындыланды

04.10.20261

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20264

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

03.10.20269

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20261

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20261

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026998

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202617

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.