Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Туризм және спорт: World Aquatics 2026 қатысушыларына Астана қандай әсер қалдырды?
Жаңалықтар

Туризм және спорт: World Aquatics 2026 қатысушыларына Астана қандай әсер қалдырды?

НұрланНұрлан16.10.20265
Фото: gov.kz

Елордада өтіп жатқан жүзуден World Aquatics 2026 Әлем кубогінің финалдық кезеңіне қатысушылар Астананың көрікті жерлерін аралап, қаланың туристік нысандарымен танысты. Спортшылар «Бәйтерек» монументін, Тәуелсіздік алаңын, Ұлттық музей және ерекше сәулетімен танымал «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығын тамашалады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. .

Биыл Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған World Aquatics Әлем кубогінің финалдық кезеңіне әлемнің 39 елінен спортшылар қатысуда. Шетелдік спортшылардың, жаттықтырушылар мен жанкүйерлердің келуі оқиғалық туризмнің дамуына серпін беріп, қонақүйлерге, көлік, экскурсия және басқа да қызмет түрлеріне сұранысты арттырады.

Шетелдік қонақтар Астананың заманауи сәулетіне, қаланың көркі мен абаттандырылуына, қазақстандықтардың қонақжайлығына және еліміздің бай мәдени мұрасына ерекше тәнті болды.

Сонымен қатар спортшылар Қазақстанды әлемге танытуға өз үлесін қосып келеді. Олар әлеуметтік желілерде елімізден алған әсерімен бөлісіп, сапары туралы жақындарына әңгімелейді. Осылайша Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін халықаралық аудиторияға кеңінен танытуға ықпал етеді.

Айта кетейік, 2026 жылдың басында Туризм және спорт министрлігі алғаш рет өңірлерге туристер тартуға және оқиғалық туризмді дамытуға бағытталған ірі іс-шаралардың күнтізбесін бекітті. Күнтізбе аясындағы жұмыстар, ақпараттық сүйемелдеу және өңірлермен бірлескен іс-қимыл іс-шараларға келушілер санының артуына ықпал етті.

Аталған жұмыстың оң нәтижелерін ескере отырып, Министрлік туристік іс-шаралар күнтізбесін Қазақстанда өтетін ірі халықаралық спорт жарыстарының кестесімен үйлестіру мәселесін қарастырып жатыр.

Бұл бастама спорттық жарыстарды мәдени және туристік іс-шаралармен ұштастыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде спортшылар мен шетелдік қонақтар жарыстарға қатысып, спорттық бәсекелерді тамашалап қана қоймай, еліміздегі мәдени іс-шараларға қатысуға, ұлттық дәстүрлерімізбен танысуға және Қазақстанның көрікті жерлерін аралауға мүмкіндік алады.

Атап айтқанда, 2027 жылы Қазақстанда спорттың алты түрінен әлем чемпионатын өткізу жоспарланған. Астанада үстел теннисі мен дзюдодан, ал Алматыда стенд атудан әлем чемпионаттары өтеді. Сондай-ақ Астанада қазақ күресінен, бокс пен таеквондодан әлем чемпионаттарын өткізу көзделген. Бұдан бөлек, елімізде УЕФА Конгресі өтеді. Бұл да халықаралық деңгейдегі маңызды оқиғалардың бірі болмақ.

Әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстарды өткізу елімізде спорттың дамуына, Қазақстанның туристік тартымдылығын арттыруға, халықаралық беделін нығайтуға және қызмет көрсету саласының өркендеуіне де ықпал етеді.

спорт туризм
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТоқаев Ереванда Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысты
Next Article Маңғыстауда екі жастағы қыз қарақұртты жұтып қойған

Оқи отырыңыз...

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026305

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026305

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202617

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Оқушылары жаппай уланған Республикалық физика-математика мектебі екінші тоқсанда да ашылмайды

30.10.202611

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.20269

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.