Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қытайда жердің беті 84 градусқа дейін қызды
Жаңалықтар

Қытайда жердің беті 84 градусқа дейін қызды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы12.07.20267

Қытайда аптап ыстық күшейді. Кейбір аймақтарда ауа температурасы рекордтық деңгейге көтерілді. Салдарынан ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында жұмыс қарқыны бәсеңдеді. Ең ыстық жер елдің солтүстік-батысындағы Турфан таулы аймағында тіркелді. Жердің беті 84 градусқа дейін қызып, қар мен мұздықтар жылдам еріп жатыр. Елдің ұлттық метеорологиялық орталығы дабылды ескерту жариялады. Қытайда аптап ыстық. Елдің кейбір аймақтарында ауа температурасы 40 градустан түспей тұр. Ал Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында жердің беті 84 градусқа дейін ысып экстремалды деңгейге жетті. 12 метрлік алып термометрдің сынап бағанасы жағдайды анық көрсетіп тұр. Жоғары температураның ұзақ сақталуынан Кунлунь тауларындағы қар шамадан тыс еріп жатыр. Салдарынан өзен-көлдер тасып, жергілікті инфрақұрылымды шайып кетті. Көлік қозғалысы шектеліп, шаруаларға ескерту берілді. Қазір ел билігі түрлі шектеу енгізіп, қауіпсіздікті күшейткен.

Ли Чанчжэнь, санитарлы-экологиялық бақылау бюросының директоры: — Дәл қазір ауа температурасы 35 градустан асып тұр. Ауаның 95 пайызға дейінгі ылғалдылығын ескерсек, температура өте жоғары болып сезіледі. Қазір ашық аспан астында жұмыс істейтін жұмысшылардың кестесі қысқартылды. Кезекпен ауысым бойынша жұмыс істеуге мәжбүр.

Хэбей мен Хэнань аймақтарында аптап апшыны қуырып барады. Күннің ысығаны соншалық жергілікті жұрт сыртқа шығудан қалды. Синоптиктер мұны континентальді антициклонмен байланыстырып отыр. Ал елдің солтүстік бөлігінде ауыл шаруашылығы саласы аптаптың зардабын тарта бастады. Бордақылау алаңдарында тұрған төрт түлік жем-шөп жеуден қалған. Қора ішін салқындату үшін арнайы техникамен су бүркіп амалдап отыр. Қаладағы жағдай да дәл осындай.

Цао Луфэй, тазалық жөніндегі компанияның менеджері: — Қала көшелерін күніне 7 рет жуамыз. Бірақ әп-сәтте құрғап, жасыл желек қурап барады. Дегенмен, су бүркіп ауаны біршама салқындатудан басқа шара жоқ. Қолайсыз ауа райының сақталуына байланысты құрылыс алаңдарында да жұмыс қарқыны бәсеңдеді.

Салаға жауапты мекемелер құрылыс компанияларына қауіпсіздік талаптарын күшейтті. Күндіз жұмыс уақыты екі сағаттан асып жатқан жоқ.

Сюй Цзянь, курьер: — Күн өте ыстық. Сыртта 1 сағаттан артық жүру мүмкін емес. Бұл біздің жеткізу қызметінің жұмысын тежеп отыр. Әрбір тапсырыстан кейін міндетті түрде салқындауға арналған орынға кіріп тынығамыз. Ел астанасы Бейжіңде де жағдай мәз емес. Сынап бағанасы 35-40 градусқа дейін көтеріліп тұр. Жұрт ашық аспан астында жүруден қалды. Қытайдың ұлттық метеорологиялық орталығы елдің басым бөлігінде ыстық ауа райы бір аптаға дейін жалғасатынын мәлімдеді.

Дереккөз: 24.kz/

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАлматы – Бішкек тас жолында сәби табылды
Next Article Көкшетауда жас жігіт суға батып кетті

Оқи отырыңыз...

2,3 трлн теңгелік дау: Қазақстан NCOC-тан айыппұл өндіріп алуды уақытша тоқтатты

09.09.20262

Бибісара Асаубаева Үндістанда 6 партия қатарынан жеңіске жете алмай келеді

09.09.20263

«Жұлдызы жанған Жезқазған»: Жезқазған қала күнін атап өтті

09.09.20265
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қан байланысты шешпейді: Сәбиттің ұлы қарындасының тойына келмеуінің себебін айтты

30.07.20264 679

«Ерте тұрмысқа шықпаңдар»: Айгүл Иманбаева 15 млн-ға ұзатылған Алтынайдың қызы туралы айтты (ФОТО)

30.07.20264 265

10 жастағы моңғол қыздың қазасы: Моңғолдар соңғы оқиғадан кейін этникалық қазақтарды жазалауды талап етуде

18.08.20263 394

«Басқамен ойнас болған»: Жан Ахмадиев күйеуі ұрып өлтірген Мадина жайлы сұмдықты айтты

04.09.20263 355

Екеуі сезімталдықты күшейтуге келіскен: Астанада жас қыз жігітімен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанда өліп кетті

28.08.20262 968

«Лондондағы қызыма көмек керек»: Жұлдыз Әбдікәрімова дабыл қағып, елден көмек сұрады

01.09.20262 844

10 қызды өлтіріп, етін жеген: министрлік атышулы каннибал Николай Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді

30.07.20262 731

«Бәйбіше-тоқал тартысы тоқтады»: Айқын Төлепберген демалысқа қос некесінен туған балаларымен барған

26.08.20262 704

Халықаралық дау: Түркістан облысында қытайлық инвестор әйелді зорлаған депутат қамауға алынды

28.07.20262 570

«Құтырғандар-ай, мақтаншақтық»: қызының қалыңмалына 15 млн теңге алған Алтынай Жорабаева құдаларына алғыс жаудырды

28.07.20262 363

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.