Жайдармандағы «Миллион» командасы арқылы танылған Мансұр Орынхан Түркістан облысы, Арыс қаласы мәслихатының депутаттығына үміткер атанды. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

«Мәдениетке қолдау, спортқа серпін, елге даму!

Елдің ең үлкен байлығы – оның адами капиталы. Әр азаматтың қабілетін ашу, жастардың әлеуетін қолдау, ұлттық құндылықтар мен рухани мұраны дәріптеу – ел болашағының негізі.

Мәдениет пен өнерді өркендетіп, спортты дамыту арқылы ұлттың рухани және зияткерлік әлеуетін арттырып, бәсекеге қабілетті, дені сау әрі өркениетті қоғам қалыптастыру – ортақ міндетіміз.

Адам капиталына инвестиция – елдің жарқын болашағына жасалған қадам», — деп жазды жайдарманшы.

Share.
Exit mobile version