Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты
Жаңалықтар

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

НұрланНұрлан24.09.202622
Фото: әлеуметтік желі

Жамбыл облысы Меркі ауданы Қостоған ауылының кіреберісінде TANK 500 пен ВАЗ-2107 «Жигули» көліктері соқтығысқан жол апаты болды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Апат салдарынан ВАЗ-2107 көлігінің тізгініндегі 27 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды. Шетелдік көлікті Қостанай облысы полиция департаментінің бұрынғы қызметкері, спортшы әрі көпбалалы ана Сая Әуелбекова басқарғаны белгілі болды. Апат кезінде көлікте болған үш жолаушы әйел де қаза тапты.

Аталған фактіге байланысты Жамбыл облыстық полиция департаменті ресми түсініктеме беріп, бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ жүргізушісі және жол талғамайтын көліктің 3 жолаушысы қаза тапты. Шетелдік көліктің жүргізушісі аудандық ауруханаға жатқызылды. Ол ішкі істер органдарының қызметкері емес.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасуда. Тергеу барысы ПД басшылығының бақылауында.

Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті процестік шешім қабылданатын болады. Осы оқиғаға қатысты кеше, 23 қыркүйекте спортшының Инстаграмдағы парақшасында үндеу жарияланды.

Сая Әуелбекованың жақындары оның ауыр жағдайда жатқанын айтып, оқырмандардан қолдау көрсетуді сұрады:

Құрметті менің қарындасымның қолдаушылары, қарындасым үлкен апатқа ұшырады. Қазір ауыр қалде жатыр. Өзіне қарама-қарсы шыққан көліктен қашамын деп осындай жағдайға душар болды. Артында қалған 5-бүлдіршіні жетім қалып калмасыншы, барынша қолдауларыңызды сұраймын. Қызымыз ешқашан біреудің ала жібін аттамайтын қазақтың жанашыр қызы екенін білесіздер. Және осындай кезеңде өтірік жала жапқыштарды Құдайға тапсырдық, — делінген хабарламада.

ЖАМБЫЛ жол апаты Меркі
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚазақстанда бала күтіміне төлем 1,5 жаста тоқтайды: ата-аналарға қанша қаржы беріледі?
Next Article «Шатыр өздігінен құлаған жоқ»: ҚазҰУ Студенттер сарайындағы жұмыстарға түсініктеме берді

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда онлайн-платформалардың жауапкершілігін күшейтуге арналған жаңа шаралар ұсынылды

18.11.20263

СҚО-да ер адам суицид жасады, мұны көрген әкесі де өзіне қол жұмсамақ болды

17.11.202620

Атырауда қызылшадан бір жасар сәби көз жұмды: Оған кардиохирург екпе салуға тыйым салған

17.11.202617
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Маған десе, он әйел алсын»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы елді шулатқан жазба жариялады

18.11.202610

«Тойған сайын құтырады»: Тұрсынбек Қабатовтың үлкен қызы әкесінің тоқалына шүйлікті

18.11.202666

Құрылтай ең төменгі жалақыны 110 000 теңгеге жеткізетін заңды қабылдады

18.11.20262

Қазақстанда онлайн-платформалардың жауапкершілігін күшейтуге арналған жаңа шаралар ұсынылды

18.11.20263

«Нота білмейді, музыкалық сауаты жоқ»: Марат Омаров өзгенің әндерін рұқсатсыз айтқан Нұрлан Өнербаевтың адамгершіліктен аттағанын айтты

18.11.2026608

Ан-12 ұшағы апатқа ұшырады: кемі 19 адам мерт болды

18.11.2026277

СҚО-да ер адам суицид жасады, мұны көрген әкесі де өзіне қол жұмсамақ болды

17.11.202620

Атырауда қызылшадан бір жасар сәби көз жұмды: Оған кардиохирург екпе салуға тыйым салған

17.11.202617

Мемлекеттік қарыздың салмағы артты: Қазақстан шығындары 20,6 пайызға көбейді

17.11.202612

Қос студенттің қазасы: билік ҚазҰУ кешенді тексеру жүргізетін болды

17.11.202622

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.