Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады — Қанат Ысқақов
Жаңалықтар

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады — Қанат Ысқақов

НұрланНұрлан14.10.20267
Фото: ЖИ

Астанада мерейтойлық X Astana Media Week 2026 апталығының ашылуы өтті. Пленарлық сессияда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов отандық медиасаланың соңғы он жылдағы негізгі өзгерістеріне, жасанды интеллектке байланысты сын-қатерлерге және БАҚ пен қоғам арасындағы сенімнің жаңа архитектурасын қалыптастыру басымдықтарына тоқталды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz . 

Қанат Ысқақов өз сөзінде Қазақстанның он жыл ішінде ақпарат таратудың дәстүрлі моделінен көпарналы цифрлық медиаортаға көшкенін атап өтті. Егер 2017 жылы елде шамамен 2,9 мың бұқаралық ақпарат құралы тіркелген болса, бүгінде олардың саны 5,4 мыңнан асады. Ал интернетке қолжетімділігі бар халықтың үлесі 73%-дан 93,4%-ға өсті.

Аудиторияның талғамы да айтарлықтай өзгерді. Қазір қазақстандықтардың 39,1%-ы жаңалықтарды негізінен әлеуметтік желілер мен мессенджерлерден алады. Telegram, Instagram, YouTube және TikTok ақпарат таратудың толыққанды арналарына айналып, блогерлер мен цифрлық платформалар дәстүрлі редакциялармен белсенді бәсекелесіп жатыр.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, медианарықтың келесі өзгеріс кезеңі жасанды интеллекттің дамуымен тікелей байланысты. Нейрожелілер қазірдің өзінде ақпарат іздеу мен өңдеуге, мәтін, сурет және бейнематериалдар жасауға қолданылып келеді. Сонымен қатар жалған ақпарат пен дипфейктердің таралуы, жеке деректердің құпиялылығы бұзылуы сияқты қауіптер де артып отыр.

Қанат Ысқақов үш негізгі қағидатқа сүйенетін сенімнің жаңа архитектурасын қалыптастыру қажеттігіне ерекше назар аударды. Олар – кәсіби журналистиканы нығайту, жарияланатын ақпарат үшін адамның жауапкершілігі және технологияларды қауіпсіз пайдалану.

«Алгоритм мәтін жаза алады, бірақ сөз үшін жауап бере алмайды. Жауапкершілік әрдайым журналист пен редактордың мойнында қалады. Сондықтан медиақауымдастықпен бірге редакцияларда жасанды интеллектті жауапкершілікпен пайдаланудың ортақ қағидаттарын әзірлеуді ұсынамыз. Ең алдымен, бұл – аудиторияға ашықтық таныту және жасанды интеллекттің қатысуымен жасалған дүниенің бәрін адамның міндетті түрде тексеруі», – деп атап өтті Қанат Ысқақов.

Осы ұстаным аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі гранттық жүйе арқылы сапалы медиаконтент өндірісін қолдауды жалғастырады. Деректер журналистикасын, фактчекингті дамытуға және мемлекеттік тілдегі материалдарды дайындауға ерекше көңіл бөлінеді.

Бұдан бөлек, синтетикалық контентті таңбалау тетіктерін енгізу, дипфейктерді анықтау құралдарын жетілдіру және халықтың медиасауатын арттыру қажеттігі айтылды. Журналистердің, соның ішінде өңірлердегі мамандардың жасанды интеллект саласындағы құзыретін дамыту жеке басымдыққа айналады.

«Технологиялар бізге неғұрлым көп мүмкіндік берсе, оларды пайдаланудағы жауапкершіліктің салмағы да соғұрлым артады», – деді бірінші вице-министр.

Саланың даму келешегі туралы айтқан Қанат Ысқақов төрт айқындаушы факторды атап өтті. Олар – шынайы ақпараттың құндылығын арттыру, ЖИ көмекшілері арқылы жаңалықтарды тұтыну тәсілдерінің өзгеруі, журналистердің тереңірек талдауға көшуі және сапалы қазақтілді контентті дамыту.

Сөзінің соңында бірінші вице-министр технологиялық өзгерістердің жылдамдығына қарамастан, қоғам сенімінің негізі журналистің кәсібилігі, адалдығы мен жауапкершілігі болып қала беретінін атап өтті.

Astana Media Week 2026 Астанада 14–16 қазан аралығында өтеді. Іс-шара ақпарат саласының болашағын талқылау үшін мемлекеттік органдардың, медиақауымдастықтың, цифрлық платформалардың өкілдері мен халықаралық сарапшыларды біріктіреді.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚазақстанда жоғары жалақы алатын қызметкерлер саны артып келеді
Next Article «Жауап қайтарар уақыт келеді!»: Олжас Абайдың экс-әйелі жазба жариялады (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.