25 қыркүйек күні таңертең Жетісу облысы Ескелді ауданындағы Бақтыбай ауылында барак үлгісіндегі жеке үйден өрт шықты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Өрт кезінде анасы 13 жастағы баласымен бірге үйден шығып үлгерген. Алайда тағы үш бала үй ішінде қалған.
Оқиға орнына келген құтқарушылар өртті сөндіру барысында үйдің ішінен бір, алты және сегіз жастағы үш баланың денесін алып шықты.
Өрттің шығу себебі мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
