Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»Жетісуда 85 млн теңгеден астам бюджет қаржысы негізсіз жұмсалмақ болған
Қоғам

Жетісуда 85 млн теңгеден астам бюджет қаржысы негізсіз жұмсалмақ болған

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы15.09.202626
Фото: depositphotos.com

Талдықорған қаласының прокуратурасы мемлекеттік инвестициялық жоба аясындағы жұмыс құнының негізсіз көбейтілгенін анықтады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Прокуратура Талдықорған қаласында магистральдық жылу желілерін реконструкциялау жобасын зерделеген. Талдау барысында сметалық құжаттарды әзірлеу кезінде асфальтбетон қабатын алуға қатысты есепте қате кеткені анықталды. Атап айтқанда, шығарылуы тиіс асфальтбетон қалдығының нақты көлемі 5 273,7 тонна болған.

Алайда құжатта бұл көрсеткіш 105 474 тонна деп көрсетілген. Яғни көлем 20 есеге артық есептелген. Осыған байланысты прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, оның нәтижесінде жасалған шарттың құны 85,1 млн теңгеге төмендетілді. Осылайша бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Жалпы Жетісу облысында прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде бюджет қаражатының 1,2 млрд теңгеден астам сомасының негізсіз жұмсалуының алдын алынды. Облыс прокуратурасы бюджет қаражатының тиімді әрі заңды жұмсалуын бақылау жұмыстарын жалғастырады.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Әділет» партиясы төрағасының орынбасарлары тағайындалды
Next Article «15-ке жуық пышақ жарақаты»: Абай облысында 13 жастағы оқушы сыныптасын пышақтаған (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

«Маған ренжімеңіздерші»: елімізді әлем алдында қорлаған «Борат» қазақстандықтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

29.10.202619

Басты қоздырғыш шынайы дыбыстар: Сексологтар төсекте үнсіз қалатын әйелдерге кеңес берді

23.10.2026552

«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)

23.10.20261 045
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.