Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»1,5 трлн теңге: Алматы облысы биыл салық түсімін рекордтық деңгейге жеткізбек
Жаңалықтар

1,5 трлн теңге: Алматы облысы биыл салық түсімін рекордтық деңгейге жеткізбек

НұрланНұрлан14.09.20265
Фото: ЖИ

Алматы облысы биыл мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден 1,5 трлн теңге түсіруді жоспарлап отыр. Бұл – өңір тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Былтыр облыс алғаш рет 1,1 трлн теңгеден астам түсім қамтамасыз еткен. Оның ішінде республикалық бюджетке – 490,5 млрд, жергілікті бюджетке 628,6 млрд теңге түсті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Салық түсімдерінің тұрақты өсуі өңір экономикасының да алға жылжып келе жатқанын көрсетеді. Соның бір мысалы – облыстық бюджетке қаржы аударатын донор аудандар санының көбеюі. Алматы облысы қайта құрылғанға дейін Іле және Қарасай аудандары ғана донор болса, қазір олардың қатарына Талғар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандары, сондай-ақ Қонаев және Алатау қалалары қосылды. Осылайша донор аумақтар саны 2-ден 7-ге жетті.

Донор аумақтардың көбеюіне жаңа өндірістердің іске қосылуы, инвестицияның артуы және кәсіпкерліктің дамуы әсер етті. Соңғы жылдары облыста KT&G, PepsiCo, ТехноНИКОЛЬ және «Жетісу Вольфрамдары» сияқты ірі компаниялардың жаңа өндірістік жобалары іске қосылды. Сондай-ақ, Іле ауданында ФМК мен JTI кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын кеңейтуі де салық түсімдерінің өсуіне ықпал етті.

«Донор аудандардың саны ғана емес, облыстық бюджетке аударатын қаржы көлемі де артып келеді. 2024 жылы донор аудандардан облыстық бюджетке 276,5 млрд теңге түсті. 2025 жылы бұл көрсеткіш 292,5 млрд теңгеге жетті. Ал 2026 жылдың алғашқы алты айында 241,9 млрд теңге түсті. Биылғы жылдық жоспар – 542,6 млрд теңге. Ең көп түсім түсіретін аудан – Іле ауданы. Былтыр аудан облыстық бюджетке 249,3 млрд теңге аударса, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында – 165,2 млрд теңге түсті. Бұл облыстық бюджет кірістерінің 42,4 пайызын құрайды», – деді Алматы облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Асылан Ораз.

Салық түсімдерінің қазіргі өсім қарқыны сақталса, Алматы облысы 2029 жылға қарай республикалық бюджетке қаржы аударатын донор өңір мәртебесін алуы мүмкін.

Алматы облысы салық
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Ең мықты қарсыласым»: Мұхаммед Әли мойындаған боксшы Джордж Чувало 89 жасында қайтыс болды
Next Article «Сәуле!» деп тірі адамды шақырғандай болдым»: Меруерт Түсіпбаева марқұм құрбысының қабірінде жылады

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20261

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20261

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026313

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.