Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»«Сәуле!» деп тірі адамды шақырғандай болдым»: Меруерт Түсіпбаева марқұм құрбысының қабірінде жылады
Шоу бизнес

«Сәуле!» деп тірі адамды шақырғандай болдым»: Меруерт Түсіпбаева марқұм құрбысының қабірінде жылады

НұрланНұрлан14.09.202661
Фото: әлеуметтік желі

Әнші Меруерт Түсіпбаева отадан кейін қайтыс болған жан құрбысы Сәуле Базарханның қабіріне барып, оны еске алды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында марқұммен байланысты естеліктерімен бөлісті. Әнші құрбысының қабіріне барған сәтте оның суретін көріп, өзін ұстай алмағанын айтты.

«Машинадан түсе сала меңірейген қара тастағы күлімдеген жүзіңді көріп, көзімнен жас парлап, «Сауле!» деп тірі адамды шақырғандай өксіп шыққан дауысымның дірілін біраз уақыт баса алмадым», – деп жазды әнші.

Меруерт Түсіпбаевтың айтуынша, Сәуле Базархан аз уақыт араласса да, әрдайым оған қолдау көрсетіп, қиын сәттерде жанынан табылған.

«Анам, балам, өзім емделуге клиникаға барсақ, ақша алмай әлек қылатынсың. Көнбеген соң, бір амалын тауып, дәрігердің қолы ауырмасын деп, жеке счетына салатынмын», – деді Түсіпбаева.

Әнші әлеуметтік желідегі жазбалары үшін сынға ұшыраған кездерін де еске алды. Сол уақытта құрбысы үнемі оны жақтап, қолдау білдірген.

«Мен желіде мыңмен жалғыз алысып отырғанымда үнемі мені жақтап, қолдап отыратын едің. Енді сен жоқсың! Жай ғана, бір төмпешік… Жаның жай тапсын, адал досым», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Меруерт Түсіпбаева бұған дейін өлім аузында жатып, Құдайға тіл қатқанын айтқан еді.

әнші жоқтады Меруерт Түсіпбаева
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article1,5 трлн теңге: Алматы облысы биыл салық түсімін рекордтық деңгейге жеткізбек
Next Article Астанада Құрылтай депутаттарына тоғызқұмалақ тақтасы тарту етілді

Оқи отырыңыз...

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Тастап кеткеніне өкініп, жылап аламын»: Медеу Арынбаев жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды

30.10.202614

«Мөлдірді ренжітті»: Қостанайда Тұрсынбектің жарнамалық суретін жауып тастаған

30.10.2026146
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026329

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.