Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»10 қызды өлтіріп, етін жеген: министрлік атышулы каннибал Николай Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар

10 қызды өлтіріп, етін жеген: министрлік атышулы каннибал Николай Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы30.07.20262 837
Фото: shot_shot

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Алматы облысы Ақтас ауылында орналасқан Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық ауруханаға тексеру жүргізуді тапсырды, деп хабарайды Muztaumedia.kz.

Бұл мекемеде атышулы каннибал Николай Жұмағалиев мәжбүрлі ем қабылдап жатыр.

Тексеру әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан кейін қолға алынды. Видеода Николай Жұмағалиевке ұқсас ер адам көрсетіліп, жазба авторы ауруханадағы тәртіп пен жағдайға қатысты министрге шағым айтқан.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі кейінгі уақытта аталған медициналық мекемедегі пациенттердің жағдайына қатысты БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланған барлық ақпарат мұқият зерттелетінін хабарлады.

«Денсаулық сақтау министрлігі әрбір шағымда келтірілген деректерді жан-жақты әрі объективті қарастыруға ерекше мән береді», – делінген ведомство таратқан хабарламада.

Министрдің тапсырмасына сәйкес, тексеруді Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізеді. Мамандар медициналық құжаттарды, емдеу процесінің ұйымдастырылуын, пациенттердің жағдайын, лауазымды тұлғалардың әрекеттерін және емделушілердің құқықтарының сақталуын бағалайды.

Бұдан бөлек, тексеру жұмысына прокуратура қызметкерлері мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері де қатысады.

Ақтас ауылындағы бұл арнайы медициналық мекемеде ем қабылдап жатқан науқастардың 80 пайыздан астамы адам өмірі мен денсаулығына қарсы ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған азаматтар болғандықтан, аурухана ерекше күзетпен қамтамасыз етілген.

Николай Жұмағалиев, «Темір азу» деген лақап атпен белгілі, КСРО мен Қазақстан тарихындағы ең атышулы сериялы қылмыскерлердің бірі саналады. Ол 1979–1990 жылдар аралығында кемінде 10 әйелді өлтіріп, каннибализм жасағаны үшін кінәлі деп танылған.

Жұмағалиев алғаш рет 1980 жылы өз үйінде кезекті құрбанының денесін бөлшектеп жатқан кезде ұсталған. Кейін сот-психиатриялық сараптама оның шизофренияға шалдыққанын анықтап, қылмыстық жаза орнына мәжбүрлі емдеу шарасын тағайындаған.

1989 жылы ол арнайы психиатриялық мекемеден қашып шығып, бір жыл бойы бой тасалап жүрген. Кейін 1991 жылдың қаңтарында Ферғана алқабында қайта қолға түсіп, содан бері Ақтас ауылындағы қатаң бақылаудағы республикалық психиатриялық ауруханада ем қабылдап келеді.

 

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЕрлан Төлеутай: Мемлекет Джеки Чанды емес, ұлттық өнерді қолдауы керек
Next Article Қан байланысты шешпейді: Сәбиттің ұлы қарындасының тойына келмеуінің себебін айтты

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026349

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.