Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»Ерлан Төлеутай: Мемлекет Джеки Чанды емес, ұлттық өнерді қолдауы керек
Қоғам

Ерлан Төлеутай: Мемлекет Джеки Чанды емес, ұлттық өнерді қолдауы керек

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы30.07.202621
Фото: LEP podcast
Дәстүрлі әнші, өнертанушы, актер Ерлан Төлеутай Джеки Чанның Қазақстанға келуіне байланысты мемлекеттік деңгейде көрсетілген құрметті сынға алып, бюджет қаражаты ең алдымен ұлттық кино мен мәдениетке бағытталуы тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Ерлан Төлеутайдың айтуынша, әлемге танымал актердің келуі шоу-бизнес аясындағы оқиға болғандықтан, оны мемлекеттік деңгейдегі мәселе ретінде қарастыру дұрыс емес.

«Вице-премьер де соңынан жүр. Әкім де қарсы алады. Бірақ Джеки Чан  басқа мемлекеттің азаматы. Ол мемлекеттік киноға қатыспайды. Бұл шоу индустриясының өкілі. Ондай адамдармен кино саласының мамандары жұмыс істеуі керек. Мемлекеттік деңгейде соған сонша көңіл бөлетіндей жағдайда емеспіз», — деді ол.

Оның пікірінше, мұндай әрекеттер қоғамда кері пікір қалыптастырып, жұртшылықтың «өзіміздің өнер адамдары қайда қалды?» деген заңды сауалын туындатады.

«Халық “біздің өз актерлеріміз қайда?”, “ұлттық өнерге кім көңіл бөледі?” деп сұрайды. Кеше де әлеуметтік желіде осы мәселе көтерілді. Ең алдымен ұлттық өнерге қызмет ететін азаматтарға қолдау көрсетілуі керек», — деді Ерлан Төлеутай.

Ол сондай-ақ Джеки Чан қатысатын фильмге бөлінетін қаржы көлеміне қатысты да пікір білдірді.

«Бір фильмнің бюджеті 40 миллион доллар дейді. Тағы бір жерде 60 миллион доллар деген ақпарат айтылып жатыр. Осынша қаржыға елімізде 50-60 көркем фильм түсіруге болады. Сонда біздің ел не ойлап отыр?» — деді ол.

Ерлан Төлеутайдың айтуынша, жобаға қаржы Қазақстан тарапынан бөлінсе, бұл қаражаттың қайдан алынғанына қоғам назар аударуы керек.

«Қаржыны Kaspi банк береді дейді. Бірақ ол қазақтың банкі. Америкадан келіп жатқан ақша емес. Бұл  халықтың ақшасы. Сондықтан оның қазақ қоғамына қандай нақты пайда әкелетінін түсінуіміз керек», — деді актер.

Оның пікірінше, шетелдік актердің Қазақстанда фильмге түсуі ұлттық мәдениетті халықаралық деңгейде танытады деген пікір де асыра бағалануда.

«Джеки Чанның бұл фильмге түсуі қазақтың даңқын шығарады деуге болмайды. Фильмді белгісіз режиссер түсіріп жатыр. Оның қандай нәтиже беретінін ешкім білмейді. Ал бізде ұлттық киноға қаржы жетпейді дейді, ұлттық өнерге ақша жоқ дейді. Кітап шығарайын десең де қолдау таппайсың. Ең алдымен қазақ қоғамына керек дүниелерге көңіл бөлінуі тиіс. Жастарымыз ұлттық өнермен тәрбиеленуі керек», — деп түйіндеді Ерлан Төлеутай.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Ерте тұрмысқа шықпаңдар»: Айгүл Иманбаева 15 млн-ға ұзатылған Алтынайдың қызы туралы айтты (ФОТО)
Next Article 10 қызды өлтіріп, етін жеген: министрлік атышулы каннибал Николай Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді

Оқи отырыңыз...

«Маған ренжімеңіздерші»: елімізді әлем алдында қорлаған «Борат» қазақстандықтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

29.10.202619

Басты қоздырғыш шынайы дыбыстар: Сексологтар төсекте үнсіз қалатын әйелдерге кеңес берді

23.10.2026552

«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)

23.10.20261 045
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026348

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.