Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»33 жастағы жігіт: Ақтауда «Қазақтелеком» қызметкері жұмыста қаза тапты
Оқиғалар

33 жастағы жігіт: Ақтауда «Қазақтелеком» қызметкері жұмыста қаза тапты

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы25.09.202622
Фото: ашық дереккөз

Ақтаудың 28-шағынауданындағы тұрғын үйдің жертөлесінде «Қазақтелеком» АҚ қызметкері жұмыс кезінде электр тогына түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға «Қазақтелеком» АҚ бөлімшелерінің бірінің бригадасы жұмыс жүргізіп жатқан кезде болған.

Жұмыс барысында қызметкер электр кабельдері орналасқан лотоктың үстіне пластик құбырды бекіту кезінде ток соққан. Құтқару және реанимациялық шаралар жүргізілгенімен, зардап шеккен адам көз жұмды.

Оқиғаға байланысты Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті арнайы тергеу жүргізу үшін комиссия құрды.

«Оқиғаның куәгерлерінен жауап алынып, оқиға орны тексерілді. Жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қосымша ақпарат тергеу қорытындысы бойынша беріледі», – деді ведомство басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Кемалов.

Маңғыстау облысының полиция департаменті оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабы – «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Қаза тапқан қызметкер 33 жаста болған.

«Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметі марқұмның отбасына көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

«21 қыркүйекте Ақтауда жұмыс кезінде жазатайым оқиға болып, соның салдарынан компания қызметкері қаза тапты. Қаза тапқан азаматтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Отбасына, оның ішінде жерлеуді ұйымдастыруға жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ компанияда қолданыстағы әлеуметтік кепілдіктер аясында тиісті төлемдер қарастырылған», – делінген компания хабарламасында.

Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleAllur авто, QazTehna және Agromash зауыттары әскерилердің отбасыларына қолдау көрсетеді
Next Article 37 сүңгуір, 14 кеме мен 20 тікұшақ: Каспийде қос сарбазды іздестіру операциясы нәтижесіз

Оқи отырыңыз...

Полицейлер топтасып зорлады: Қонаевта ресейлік қызды зорлады деген күдікпен екі жігіт ұсталды (видео)

30.09.2026172

Шымкентте әйелі күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)

30.09.2026162

Аспандағы айқас: 190-ға жуық жолашуы отырған лайнерде ұшқыштар көкте пышақтасып, ұшақ апатқа ұшырай жаздады

30.09.2026391
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20260

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

03.10.20263

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20261

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20261

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026849

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.