Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»37 сүңгуір, 14 кеме мен 20 тікұшақ: Каспийде қос сарбазды іздестіру операциясы нәтижесіз
Басты ақпарат

37 сүңгуір, 14 кеме мен 20 тікұшақ: Каспийде қос сарбазды іздестіру операциясы нәтижесіз

НұрланНұрлан25.09.202612
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен құрылған Үкіметтік комиссияның тапсырмасы бойынша Каспий теңізінің акваториясында тәулік бойы үздіксіз іздестіру-құтқару операциясы жүргізілуде, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Іздестіру-құтқару жұмыстарына оқиға орнында тікелей басшылықты Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жүзеге асыруда. Құрылған жедел штабтың құрамына Қорғаныс министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, сондай-ақ Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері кірді.

Ауқымды іздестіру-құтқару операциясына 252 әскери қызметші мен қызметкер, 34 бірлік арнайы жерүсті техникасы, 37 әскери сүңгуір, 14 кеме мен катер, сондай-ақ 4 тікұшақты қоса алғанда, 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылды. Ведомстволардың күштері мен құралдарымен су айдыны, жағалау аймағы және оған іргелес аумақтар әуеден үздіксіз бақыланып, тексерілуде.

Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арнайы комиссия оқиғаның барлық себептері мен мән-жайларын анықтау мақсатында тергеу іс-шараларын жүргізуде. Қаза болғандардың отбасыларына және зардап шеккен әскери қызметшілерге қажетті материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі.

Еске сала кетейік, оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райының кенеттен әрі күрт нашарлап, желдің екпіні күшеюіне байланысты ашық теңізге 17 әскери қызметшіні алып кеткен болатын. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде үш әскери қызметші құтқарылды, тағы екеуін іздеу жұмыстары жалғасуда. Өкінішке қарай, 12 әскери қызметші қаза тапты.

адам өлімі ақтау қаза тапты
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article33 жастағы жігіт: Ақтауда «Қазақтелеком» қызметкері жұмыста қаза тапты
Next Article Ұлым әскерден бір айдан соң келем деп еді — Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздың әкесі

Оқи отырыңыз...

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20260

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20260

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

03.10.20263

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20261

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20261

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026836

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.