Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Саясат»Жәнібек пен Шираз жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін: WBO мерзімді ұзартты
Саясат

Жәнібек пен Шираз жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін: WBO мерзімді ұзартты

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы04.09.202641
Фото: ЖИ

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлы мен екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Хамза Шираз арасындағы жекпе-жекке қатысты келіссөз жүргізу мерзімін тағы бір аптаға ұзартты,  деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Ұйымның мәліметінше, Жәнібектің промоутері Top Rank пен Шираздың өкілі Queensberry Promotions келіссөздерді жалғастыру үшін қосымша уақыт сұраған. Осыған байланысты тараптарға 2026 жылғы 10 қыркүйекке дейін уақыт берілді.

Келісімге қатысты құжаттар сол күні Атлант стандартты уақытымен сағат 17:00-ге дейін тапсырылуы тиіс. Бұл Қазақстан уақытымен 11 қыркүйек сағат 02:00-ге сәйкес келеді.

«Егер тараптар белгіленген мерзімге дейін келісімге келіп, тиісті құжаттарды ұсынбаса, WBO чемпиондық комитеті бекітілген тәртіпке сәйкес промоутерлік сауда өткізуді тағайындайды», – делінген ұйым хабарламасында.

Егер промоутерлік сауда өткізілсе, жекпе-жекті ұйымдастыру құқығы ең жоғары қаржы ұсынған компанияға беріледі. Сондай-ақ айқастың өтетін орны мен уақыты және боксшылардың гонорары сол кезде анықталады.

WBO 14 тамызда Жәнібек Әлімханұлын Хамза Шираздың чемпиондық белбеуіне міндетті үміткер ретінде бекіткен болатын. Алғашқыда тараптарға келісімге келу үшін 20 күн берілген еді.

Жәнібек Әлімханұлы 21 шілдеде орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуінен өз еркімен бас тартып, екінші орта салмаққа ауысқан. Қазір қазақстандық боксшы бұл дивизиондағы WBO рейтингінде бірінші орында тұр.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЕт, сүт, көкөніс арзан бағада: Астанада демалыс күндері жәрмеңке өтеді
Next Article Өңірдің экономикалық аухалын екі есеге көтерген Марат Сұлтанғазиев облыс активіне алғыс айтты

Оқи отырыңыз...

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.202610

Германияда алғаш рет әйел адам президент атануы мүмкін

30.10.20264

Мемлекет басшысы «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі аллеясын ашты

30.10.20264
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026351

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.