Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»«Қан атқылап жатыр»: Түркістанда күйеуі 25 жыл бірге тұрған әйелін пышақтап өлтірді
Оқиғалар

«Қан атқылап жатыр»: Түркістанда күйеуі 25 жыл бірге тұрған әйелін пышақтап өлтірді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы04.09.2026502
Фото: видеодан скрин

Түркістан қаласында ер адам әйелін пышақтап өлтіріп, кейін өзіне де қол жұмсамақ болған. Қанды оқиғаны алғашқылардың бірі болып ерлі-зайыптылардың кенже ұлы көрген, деп хабарлайды  Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Көршілердің айтуынша, әйелінің өміріне араша түскен ұлы бірден жедел жәрдем шақырған. Алайда 54 жастағы әйел дәрігерлердің көмегіне қарамастан, жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Марқұмның көршісі Гүлнар Сапарова болған жағдайды айтып берді. Оның сөзінше, кенже ұлы үйдің ішінен анасының дауысын естіп, кірген кезде ауыр көрініске тап болған.

«Мамамның даусын естіп шықсам, қан атқылап жатыр дейді. «Апа, мен кешігіп қалдым» дейді кішкентай баласы», – деді көрші.

Гүлнар Сапарованың айтуынша, марқұмның отбасы ешқандай әлеуметтік қиындық көрмеген. Көршілері 25 жыл бірге тұрған ерлі-зайыптылардың арасында бұрын-соңды күрделі жанжал болғанын байқамаған.

Марқұм әйелдің күйеуі одан 13 жас үлкен болған. Ер адам бұл некеге дейін де отбасылы болған. Ерлі-зайыптылар төрт бала тәрбиелеп өсірген. Көпбалалы ана өмір бойы үй шаруасымен айналысқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, отбасындағы жанжалдың нақты неден басталғаны әзірге белгісіз. Қанды оқиғадан кейін ер адам да өз денесіне пышақ жарақатын салған. Ол ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің көмегімен аман қалған.

Марқұм әйелді жақындары жер қойнына тапсырды.

Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталып, қамауға алынған.

«Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Аталған дерек бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар атқарылуда. Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданатын болады», – деді Түркістан облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Мұхтар Сейділдаев.

Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның нақты себептері тергеу барысында анықталмақ.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleӨңірдің экономикалық аухалын екі есеге көтерген Марат Сұлтанғазиев облыс активіне алғыс айтты
Next Article Тоқаев Лаос президентін әуежайдан шығарып салды (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20264

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026401

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202622

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202617

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.