Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»«Жатқызып қойып, үстімізден жүгіреді»: Ақтөбеде соққыға жығылған жігіттің анасы сұмдық жайттарды айтты (эксклюзивті сұхбат)
Басты ақпарат

«Жатқызып қойып, үстімізден жүгіреді»: Ақтөбеде соққыға жығылған жігіттің анасы сұмдық жайттарды айтты (эксклюзивті сұхбат)

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы08.09.20261 453
Коллаж: muztaumedia.kz

Ақтөбеде ұлы соққыға жығылған жігіттің анасы сұмдық жайттарды жайып салды. Оның сөзінше, Ұлттық ұлан қатарында қызметте жүрген ұлы соққы жеген. Айтуынша, әскерге шақырылған жас сарбазды жатқызып қойып, қорлайтын көрінеді. Гүлдана Ерманқызы, ұлының қуығы жарақат алып, жеңіл дәретке бара алмай қалғанын айтып отыр. Көп балалы ананың сөзінше, оқиға Ақтөбе облысындағы әскери гарнизонында орын алған. 

Muztaumedia.kz порталының тілшісі ауруханада жатқан сарбаз Еркебұлан Досымбеттің анасынан сұхбат алды. 

Фото: сарбаз Еркебұлан Данилұлы

Гүлдана Ерманқызы, ұлыңызды көрдіңіз бе, қазіргі жағдайы қалай балаңыздың? 

— Балам емделіп жатыр. Тергеушілер мен прокурорлар ашық айтуға тыйым салып отыр. Мен баламды ұрған сержанттарды да, олардың ата-анасын да көрмедім. Бізден ешкім кешірім сұраған жоқ. Ұлым ауруханада жатыр, әлі ем алады. Бастысы аман қалғанына шүкір деймін, қазақтар шүкір дейміз ғой осындайда. Мен келгенде сие алмай, аппаратпен жатты. Азып кеткен, шаштары өскен, түрден түр қалмаған. Көзі үңірейіп, қорқып, азып кеткен. Әлі ауырсынып жүр, соққы алған соң бірден жазылып кетпейді ғой.

Ұлыңызбен еркін сөйлесе алдыңыз ба, балаңыз өзгеріп пе? Сержанттар өзін соққыға қалай жыққанын, қалай ұрғанын ашық айтты ма? Әскери бөлім басшылары сіздерге көмектесіп жатыр ма? 

— Бізге әскери бөлімнің басшылары пәтер жалдап берген еді басында. Арыз жазылған соң ол пәтерді қайта тартып алды. Аурухананың жанында күндіз-түні машинада жатырмыз әкесі екеуіміз. Көп дүниені ашық айта алмаймыз, тергеу жүріп жатыр, бізге айтқызбай отыр. Арыз жазылды, біз істі сотқа дейін апарамыз. Балам басынан да соққы алған. Балам туғаннан көзі нашар, — 4 еді, оны әскерге қалай алған? Медициналық тексеруден қалай өткізген? Ұлым басымыздан да ұрады деп айтты. Біз әкесі екеміз ұлымыздың көзін кеше тағы тексерттік, ұлым — 4 деген белгімен де көре алмай қалған. Ертең ақылы түрде тағы апарып тексертеміз көзін.

Ұлыңыз үйдің нешінші баласы, әскерге қашан кетіп еді? 

— Менде төрт бала бар, алғашқы екеуі қыз, үлкендері. Еркебұлан ұлдың үлкені. Екі қыздан кейін екі ұлым бар. Еркебұлан 2007 жылы туған. Ұлым армияға 2026 жылдың 3-шілдесінде кетті. Арманы еліне, Отанына қызмет ету, әскерге барып Отан алдындағы борышын өтеп, ары қарай әскери қызметте қалып, жұмыс істеу еді. Мына сержанттар баланың сағын сындырып отыр. Бүгінгі таңда баланың көңіл күйі жоқ мүлдем. Түрі жаман, азып кеткен, сие алмай қиналған. Әп әдемі баламды осындай жаман күйінде көрдім.

Бұған дейін Нұрбол деген командирі хабарласып, «ұлдарыңыз жарыстан орын алды, жақсы тәрбиелепсіздер» деген еді. Марқайып, мәз болған едік. Енді міне, сержанттардың істеп отырғандары. Осындай жағдайға түсіретіндей менің балам оларға не істеп қойды? Сол сержанттар камера жоқ жерде ұрып жүрген. Ұлымның армиядан жүрегі айнып қалған, алып кетіңдерші дейді. «Не хочу служит, мен не істедім оларға соншалықты ұрып, азаптайтындай» дейді ұлым. Ұлым оларға айтқан, «жігіттер қойыңдар, еркекпіз ғой, неге бізді азаптай бересіңдер» деп, сондада қоймаған кезектесіп ұрып. Ұлым, «мені ғана емес, барлығымызды солай камера жоқ жерде жатқызып алып, үстімізден ойыншық қылып жүгіреді. Неше түрлі азапты көрсетеді, шаптан ұрадыі» деді.

Фото: Еркебұлан Досымбет, Отан алдындағы борышын өтеп жүрген кезі

Осындай сорақылықты ұлыңыздың өзінің аузынан естіпсіз. Сорақылық жағдайларды әскердегі басшыларға айттыңыз ба, олар не дейді?

— Қолбасшылықтағы адамның өзі дұрыс емес. Кешірім сұрағанның орнына, «Скажи спасибо, что я отправил в больницу, а то ты бы даже не знал» деді. Біз бесі күні келдік, сонда жолыққан басшылардың айтқан сөзі. Басшылар бізді қорқытып, неше түрлі аузына келгендерін айтты. Екінші басшы, «На твоего ребёнка тоже хватает у меня компромата» деп бопсалады. Армиядағы қателікті реттегенннің орнына мен қорқытып, бопсалап жүр. Кешірім де сұраған да жоқ.

 Ұлыңызды соққыға жыққан сержанттарды көрдіңіз бе? Талабыңыз қандай? 

— Менің талабым, осы үш сержантты соттату. Осы үшеуі ұлымды ұрған. Осы жолға шықтым, себебі, Қазақстанда онсызда солдаттар өліп жатыр, оны істейтін осындай оңбағандар. Барған солдат мүгедек болып келеді, барған солдат ауру болып келеді, барған солдат өзін өзі асып қояды. Сондықтан мен осы үш сержанттың сотқа тартылуын талап етем және сот ашық болу тиіс. Қоғам көруі керек, баланы азаптағанның соңы не болатынын.

Ақтаудан Ақтөбеге барыпсыздар машинамен, далада, көлікте қонып жатыр екенсіздер. Күйеуіңіз, жолдасыңыз анау қол жұмсағыш сержанттармен жолыға алды ма?

— Күйеуім күтті оларды, жолықтырыңдар деді. Келмеді ешқайсысы, жолықтырмады. Бәрі адвокат жалдап алған, тергеуге адвокаттарымен барып жүр. Мойындамай жатыр.  «Біз ешкімді ұрған жоқпыз, білмейміз кім ұрғандарын» деп өздері «аң-таң» болып жүр екен. Олар адвокат алып алып, бізді қорқытуға көшті. Олар әбден жазаланбай, адам ұрып үйреніп алған.

Редакциядан: 

Ал Ұлттық ұланның Офицер корреспонденті Мақсат Насыр, аталған іс бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты. Оның сөзінше, қуығындағы ақау, тепкеннен, ұрғаннан емес.

— Медицина қызметкерлері, «түстен кейін балаларыңды алып кетіңдер» деп жатыр. Денсаулығына шағым жоқ, жақсы. Ал жаңағы дәрет сындыра алмай, құрылғымен жүргені, тепкеннен, ұрғаннан емес. Медицина қызметкерлерінің айтуы бойынша.  Оныда тергеу аяқталғанша нақты айта алмаймыз. Ол жерде простатит дегенді айтып жатыр. Бұл жерде анау сержанттардың да тағдыры бар, оларды да ойлаған дұрыс-ау. Әрине, ұратын болса, ұрып-соқса аямау керек. Бірақ оларда адам ғой. Бұл сарбаздың өзінде де психологиялық ауытқулары бар сияқты, — деді Ұлттық ұланның Офицер корреспонденті.

Ал Бұл Әскери тергеу басқармасының мәліметінше, қазір сараптама тағайындалған.

— 4 қыркүйекте ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында орналасқан әскери бөлімнің лауазымды тұлғаларының құқыққа қайшы әрекеттері туралы мерзімді әскери қызметші Е. Досымбеттің өтініші негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Жәбірленушінің барлық уәждері сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында толық көлемде тексеріліп, әскери бөлімнің лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Тергеу жалғасып жатыр және бақылауға алынған. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Іске қатысты өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, -делінген хабарламада.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Бішкек Арена» 60 миллион долларға салынды деген ақпарат жалған – ресми дереккөз
Next Article «Есірткі жасырғаны үшін 2 мың теңге алған»: Таразда есірткі тасымалдаушыға үкім шықты

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

09.09.20262

Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

08.09.20262

Инфляциядан екі есе жылдам: елімізде цемент бағасы 25 пайызға бірақ қымбаттады

08.09.20266
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қан байланысты шешпейді: Сәбиттің ұлы қарындасының тойына келмеуінің себебін айтты

30.07.20264 672

«Ерте тұрмысқа шықпаңдар»: Айгүл Иманбаева 15 млн-ға ұзатылған Алтынайдың қызы туралы айтты (ФОТО)

30.07.20264 258

10 жастағы моңғол қыздың қазасы: Моңғолдар соңғы оқиғадан кейін этникалық қазақтарды жазалауды талап етуде

18.08.20263 388

«Басқамен ойнас болған»: Жан Ахмадиев күйеуі ұрып өлтірген Мадина жайлы сұмдықты айтты

04.09.20263 339

Екеуі сезімталдықты күшейтуге келіскен: Астанада жас қыз жігітімен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанда өліп кетті

28.08.20262 956

«Лондондағы қызыма көмек керек»: Жұлдыз Әбдікәрімова дабыл қағып, елден көмек сұрады

01.09.20262 833

10 қызды өлтіріп, етін жеген: министрлік атышулы каннибал Николай Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді

30.07.20262 725

«Бәйбіше-тоқал тартысы тоқтады»: Айқын Төлепберген демалысқа қос некесінен туған балаларымен барған

26.08.20262 700

Халықаралық дау: Түркістан облысында қытайлық инвестор әйелді зорлаған депутат қамауға алынды

28.07.20262 568

«Құтырғандар-ай, мақтаншақтық»: қызының қалыңмалына 15 млн теңге алған Алтынай Жорабаева құдаларына алғыс жаудырды

28.07.20262 361

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.