Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Бішкек Арена» 60 миллион долларға салынды деген ақпарат жалған – ресми дереккөз
Жаңалықтар

«Бішкек Арена» 60 миллион долларға салынды деген ақпарат жалған – ресми дереккөз

НұрланНұрлан08.09.202613
Фото: әлеуметтік желі

«Бішкек Арена» стадионы құрылысының жалпы құны 386 миллион долларды құрады. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Аскат Алагозов мәлімдеді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы. 

«Жақында «Бішкек-Арена» стадионына қатысты қысқаша ақпарат жариялаған болатынмын. Бұған дейін толық ақпаратты ала алмадық. Өйткені қызметкерлер, құрылысшылар және барлық осы мәселеге қатысты тұлғалар ШЫҰ пен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жұмыстарымен айналысып, тәулік бойы дерлік еңбек етті. Бүгінде толық ақпарат алынды. Сондықтан оны көпшілікке жариялауды дұрыс деп санадым», — дейді Аскат Алагозов.

Оның айтуынша, басында шынымен де сыйымдылығы 30-35 мың көрерменге арналған, құны шамамен 60-70 миллион доллар болатын қарапайым стадион жобасы қарастырылған. Кейін тұжырымдама толығымен өзгертілді.

«Бішкек-Арена» стадионы 386 миллион долларға салынды. Оның «60 миллион долларға» салынғаны туралы ақпарат — жалған. Стадион құрылысы  басталып, сыйымдылығы 30-35 мың көрерменге арналған арена тұрғызу жоспарланған кезде, Камчыбек Ташиевтің құрылыс шамамен 60 миллион долларға түсетінін айтқанын естіген едік. Алайда, басында тек Долон Өмурзаков атындағы стадион секілді қарапайым спорт кешенін салу туралы айтылған болатын. Кейін Президент Садыр Жапаров бастапқы жобаны толығымен өзгертіп: «Ол қырғыз киізінің пішінінде жасалсын, ішінде сауда орталықтары, мейрамханалар мен кафелер, супермаркет, кинотеатрлар, спорт залдары және балаларға арналған алаңдар болуы тиіс. Әйтпесе, стадионды ұстап тұру бюджетке ауыр салмақ түсіреді. Болашақта стадион табыс әкелетін нысанға айналуы тиіс», деген тапсырма берді», — дейді ол.

Жаңа жоба үлкен коммерциялық аймағы бар қырғыз киізі пішініндегі стадионды көздеді. Ішінде дүкендер, мейрамханалар, кафелер, супермаркет, кинотеатрлар, спорт залы және балалар алаңы орналастырылған.

Нәтижесінде жоба толығымен қайта өңделіп, құрылыстың жалпы аумағы 194 248 м² болды.

«Белгілі болғандай, стадиондардың бір шаршы метрінің құрылыс құны 2 000-нан 15 000 долларға дейін ауытқуы мүмкін. Сондықтан Камчыбек Ташиев 30–35 мың адамға арналған стадион шамамен 60–70 миллион доллар тұрады деп айтқан болуы керек», — деді Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, егер бұл нысан Долон Өмурзаков атындағы қарапайым стадион ретінде салынғанда, ол өзін-өзі ақтап қана қоймай, жыл сайын бюджеттен күтіп ұстауға және қызметкерлердің жалақысына миллиардтаған шығын талап етер еді. Дәл осы себепті жоба кеңейтіліп, жоғарыда аталған инфрақұрылымы бар, 52 мың көрерменге арналған стадион салынды.

Жобаны кеңейтудің тағы бір себебі – ФИФА талаптары: әлемдік деңгейдегі халықаралық жарыстарды өткізу үшін стадион кемінде 50 мың көрерменді сыйдыруы тиіс.

Жобаға не кірді?

Коммерциялық бөлікке аумағы 35 916 шаршы метр болатын сауда орталығы, 48 дүкен, супермаркет, 18 сауда дүңгіршегі, 23 мейрамхана, 11 кафе және төрт кинозал, балалар ойын алаңы, спорт залы, жалпы аумағы 5 087 м² болатын террасалар кіреді.

Билік коммерциялық аумақтар, концерттер және басқа да ақылы іс-шаралар стадионға ұстау шығындарын жабуға көмектеседі деп үміттенеді.

Осылайша, «Бішкек-Аренаның» жалпы құрылыс құны 386 миллион долларды құрайды.

«Бішкек-Арена» бұл соманы салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ақтап қана қоймай, болашақта пайдалану мерзімі бойы табыс әкеледі. Қазірдің өзінде ақылы іс-шаралар мен концерттер өткізуге өтініштер түсе бастады», — дейді Аскат Алагозов.

Ол салыстыру үшін басқа елдерде осындай стадиондардың қанша сомаға салынғаны туралы деректерді келтірді.

Құны әлі де тексеріледі

«Соңғы күндері «біздің стадион 60 миллион долларға салынды. Ал көрші елдердегі стадиондар пәлендей сомаға түсті» деген пікірлер айтыла бастады. Бұл көрші мемлекеттердің басшыларының беделіне күмән келтіреді. Сондықтан, құрметті отандастар, бұл мәселені саясиландырмайық және көрші елдермен қарым-қатынасты ушықтырмайық. Бүгінде әлем бойынша стадиондар құрылысы құнының өсуіне объективті себептер бар. Олар — металдың қымбаттауы, бетон құнының өсуі, логистикалық шығындар, жұмыс күшінің құны, инженерлік жүйелер, VIP және коммерциялық аймақтар, инфляция, құрылыс материалдарының әлемдік тапшылығы. Сонымен қатар, Қырғызстан үшін шығындарды арттыратын қар түсуі, күн суытуы деген сияқты қосымша факторлар бар», — деді ол.

Сонымен қатар Қырғызстан президентінің тапсырмасы бойынша Есеп палатасы мен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысатын комиссия құрылды.

Ол құрылыс материалдарының пайдаланылуын, жалақының төленуін және қаражаттың ықтимал жымқырылуын тексеруі тиіс. Билік тексеру қорытындыларын жариялауға уәде береді.

қырғыздар қырғызстан
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Өз қателігімді мойындаймын»: Нұртас Адамбай қателігін мойындап, халықтан кешірім сұрады
Next Article «Жатқызып қойып, үстімізден жүгіреді»: Ақтөбеде соққыға жығылған жігіттің анасы сұмдық жайттарды айтты (эксклюзивті сұхбат)

Оқи отырыңыз...

2,3 трлн теңгелік дау: Қазақстан NCOC-тан айыппұл өндіріп алуды уақытша тоқтатты

09.09.20260

Бибісара Асаубаева Үндістанда 6 партия қатарынан жеңіске жете алмай келеді

09.09.20260

«Жұлдызы жанған Жезқазған»: Жезқазған қала күнін атап өтті

09.09.20265
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қан байланысты шешпейді: Сәбиттің ұлы қарындасының тойына келмеуінің себебін айтты

30.07.20264 672

«Ерте тұрмысқа шықпаңдар»: Айгүл Иманбаева 15 млн-ға ұзатылған Алтынайдың қызы туралы айтты (ФОТО)

30.07.20264 258

10 жастағы моңғол қыздың қазасы: Моңғолдар соңғы оқиғадан кейін этникалық қазақтарды жазалауды талап етуде

18.08.20263 388

«Басқамен ойнас болған»: Жан Ахмадиев күйеуі ұрып өлтірген Мадина жайлы сұмдықты айтты

04.09.20263 339

Екеуі сезімталдықты күшейтуге келіскен: Астанада жас қыз жігітімен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанда өліп кетті

28.08.20262 956

«Лондондағы қызыма көмек керек»: Жұлдыз Әбдікәрімова дабыл қағып, елден көмек сұрады

01.09.20262 833

10 қызды өлтіріп, етін жеген: министрлік атышулы каннибал Николай Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді

30.07.20262 725

«Бәйбіше-тоқал тартысы тоқтады»: Айқын Төлепберген демалысқа қос некесінен туған балаларымен барған

26.08.20262 700

Халықаралық дау: Түркістан облысында қытайлық инвестор әйелді зорлаған депутат қамауға алынды

28.07.20262 568

«Құтырғандар-ай, мақтаншақтық»: қызының қалыңмалына 15 млн теңге алған Алтынай Жорабаева құдаларына алғыс жаудырды

28.07.20262 361

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.