Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Жұлдызы жанған Жезқазған»: Жезқазған қала күнін атап өтті
Жаңалықтар

«Жұлдызы жанған Жезқазған»: Жезқазған қала күнін атап өтті

НұрланНұрлан09.09.20266
Фото: Жезқазған әкімдігі

Алаш алаңындағы мерекелік кеш қаланың бай тарихын, еңбек даңқын және бүгінгі дамуын бейнелейтін «Жұлдызы жанған Жезқазған» музыкалық-хореографиялық композициясымен ашылды. Сахнада елімізге танымал өнерпаздар мен өңірдің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті, деп жазады Muztaumedia.kz.

Облыс орталығының тұрғындарын Қала күнімен Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен құттықтады. Өңір басшысы Жезқазғанның Қазақстан тарихында ерекше орны бар екенін, қаланың еліміздегі ірі өнеркәсіп орталықтарының бірі әрі жасампаз еңбектің символы саналатынын атап өтті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тарихи шешімімен Жезқазғанға облыс орталығы мәртебесінің қайтарылуы қалаға жаңа мүмкіндіктер ашты. Біздің ортақ міндетіміз – Жезқазғанды заманауи, көрікті әрі өмір сүруге жайлы қалаға айналдыру. Жүзеге асырылып жатқан барлық жоба, ең алдымен, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталуы тиіс», – деді Есет Байкен.

Фото: Жезқазған әкімдігі

Қала күні аясында облыс орталығының түрлі алаңдарында тұрғындар мен қонақтарды біріктірген мәдени, спорттық және ойын-сауық іс-шаралары өтті. Жезқазғанның тарихына, еңбек дәстүріне, мәдениетіне, отбасылық құндылықтар мен белсенді өмір салтына ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында қала тұрғындары арасында «Үздік аула» байқауы ұйымдастырылды.

Фото: Жезқазған әкімдігі

Бүгінде облыс орталығында тұрғын үй құрылысы, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, абаттандыру және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бағыттарында ірі жобалар жүзеге асырылуда. Жастарға жаңа мүмкіндіктер жасауға және жайлы қалалық орта қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр.

әкім Жезқазған қала күні
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Дінге емес, радикализмге қарсымын»: Баян Алагөзова діндарлардан кешірім сұрады
Next Article Бибісара Асаубаева Үндістанда 6 партия қатарынан жеңіске жете алмай келеді

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026351

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.