Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Таза Қазақстан» қағидаттарын балабақша мен мектеп тәрбиесіне енгізу ұсынылды
Жаңалықтар

«Таза Қазақстан» қағидаттарын балабақша мен мектеп тәрбиесіне енгізу ұсынылды

НұрланНұрлан10.09.20267
Фото: Үкімет баспасөзі

«Таза Қазақстан» бастамасының қағидаттарын балалардың күнделікті тәрбиесіне енгізіп, оны экологиялық акциялармен шектемей, тұрақты мәдениетке айналдыру ұсынылды. Бұл туралы «Respublica» партиясы фракциясының депутаттары Үкіметке жолданатын депутаттық сауалда мәлімдеді, деп жазады Muztaumedia.kz.

Депутаттардың айтуынша, Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өткендей, «Таза Қазақстан» – бір реттік экологиялық акция емес, жаңа қоғамдық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастама. «Таза Қазақстан» ұғымы қоршаған ортаны таза ұстаумен ғана шектелмейді. Ол ниет пен іс-әрекеттің тазалығын, әділдікті, адамдарға, өзгенің еңбегіне, қоғамдық мүлікке және өз еліне деген құрметті қамтиды.

Осыған байланысты депутаттар бастама қалалар мен ауылдардың келбетін өзгертумен қатар, азаматтардың мәдениеті мен ойлау жүйесіне де ықпал етуі қажет деп есептейді.

Депутаттардың пікірінше, қоғам айналаны тазалауға үйренгенімен, ендігі міндет – тазалықты күнделікті өмір салты мен мәдениетке айналдыру. Бұл құндылықтарды бала кезден қалыптастыру қажет. Өйткені мінез-құлық мәдениеті алғашқы айыппұлдан кейін емес, одан әлдеқайда ертерек – отбасында, балабақшада және бастауыш сыныпта қалыптасады.

«Бала ненің жақсы, ненің жаман екенін біліп қана қоймауы керек. Адамдарға құрмет, әділдік, жауапкершілік, өзгенің еңбегіне және өз еліне ұқыпты қарау баланың ішкі қағидаттарына айналуы тиіс», – дейді депутаттар.

Олардың айтуынша, тәрбие жұмысының тиімділігін өткізілген іс-шаралар мен есептердің санымен бағалау жеткіліксіз. Негізгі өлшем баланың күнделікті мінез-құлқынан, қалыптасқан дағдылары мен жауапкершілігінен көрінуі тиіс.

«Respublica» фракциясының депутаттары Үкіметке бірнеше ұсыныс жасады. Біріншіден, «Таза Қазақстан» қағидаттарын балабақшалар мен мектептердің күнделікті тәрбие жұмысына енгізу ұсынылды. Депутаттар мұндай құндылықтар жекелеген акциялар немесе сынып сағаттары арқылы ғана емес, баланың күнделікті іс-әрекеті арқылы қалыптасуы қажет деп санайды.

Екіншіден, тәрбие жұмысын баланың жас ерекшелігіне қарай кезең-кезеңімен жетілдіру ұсынылды. Депутаттар білім беру жүйесінде негізгі құндылықтарды мынадай тәртіппен жүйелі түрде қалыптастыруды ұсынды:

  • балабақша мен бастауыш сыныптарда – «Таза Қазақстан» қағидаттары;
  • орта буында – «Әділетті Қазақстан» құндылықтары;
  • жоғары сыныптарда – «Заң және тәртіп», «Адал азамат» қағидаттары. Бұл арқылы балалардың заңға құрметін, азаматтық жауапкершілігін, елге, қоғамға және айналасына жанашырлықпен қарауын қалыптастыру көзделеді.

Депутаттар «Таза Қазақстан» идеясын қоршаған ортаны абаттандырумен ғана шектемеу қажет екенін атап өтті.

«Біздің міндетіміз – Қазақстанды жай ғана таза ету емес. Біздің міндетіміз – тазалық, әділдік, құрмет пен жауапкершілік ішкі қағидатына айналған ұрпақ тәрбиелеу», – делінген депутаттық сауалда.

Осы ұсыныстар Үкіметке жолданатын депутаттық сауалға енгізілді. Құжат Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновке жолданады.

депутат үкімет отырысы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleШымкенттегі төбелес 65 жастағы ер адамның өлімімен аяқталды
Next Article Тоқаев Норвегия Короліне таққа отыруына орай құттықтау жеделхатын жолдады

Оқи отырыңыз...

Шыңғыс Әрінов Көшпенділер ойындары жеңімпаздарын марапаттады

16.09.202614

Экс-депутат Геннадий Шиповских жаңа қызметке тағайындалды

16.09.202613

Президент бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысты

16.09.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шыңғыс Әрінов Көшпенділер ойындары жеңімпаздарын марапаттады

16.09.202614

Экс-депутат Геннадий Шиповских жаңа қызметке тағайындалды

16.09.202613

«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Гүлзира Айдарбекова Нұрсұлтан Жақсыгенді жақтап шықты

16.09.202688

Атан түйе ойнақтаса жұт болады: Алагөзовтің ерсі биі елге ұнамады (ВИДЕО)

16.09.2026170

Президент бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысты

16.09.20262

Президент көлік-логистика әлеуетін нығайтуды тағы бір басымдық деп санайды

16.09.20262

«Жүрегім бір бұлқынып қоятын»: әнші Роза Әлқожа Мәскеудегі қызы туралы шындықты айтты

16.09.2026259

Үстімнен жүк түскендей болды: балаларының әкесін соттатып жіберген Фариза Алмазқызы эмоциясымен бөлісті (ВИДЕО)

16.09.2026518

Музей сөресіндегі жәдігерден ғылыми жаңалыққа дейін: «Ғылым ордасында» халықаралық симпозиум өтті

16.09.202620

91 млн теңге: Ақтөбе облысында заңсыз субсидия алған кооператив басшысы сотталды

16.09.20264

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.