Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Ақтөбенің айуаны: Шалқарда күдікті екі оқушыны соққыға жығып, үшіншісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
Оқиғалар

Ақтөбенің айуаны: Шалқарда күдікті екі оқушыны соққыға жығып, үшіншісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы11.09.202623
Фото: видеодан скрин

Ақтөбеде 17 жастағы оқушыны пышақтап өлтірді деп айыпталған студенттің ісі сотта қаралды. Сот отырысында марқұмның ата-анасынан кешірім сұраған бозбала қылмысқа қорғану мақсатында барғанын айтып, ақталуға тырысты. Алайда марқұмның туыстары оның сөзін қабылдамай, сотталушыны қатаң жазалауды талап етіп отыр, деп жазады КТК-ға сілтеме жасаған Muztaumedia.kz.

Қанды оқиға осыдан жарты жыл бұрын Шалқар қаласында болғаны белгілі.

Наурыз айының ортасында Шалқарда бозбалалар арасында жаппай төбелес болған. Жанжалдың екі топтың арасында болғанын Оралда жүрген сотталушы да естіген. Осыдан кейін ол Шалқарға арнайы келіп, қасына достарын ертіп, анасының көлігімен жолға шыққан. Қалтасына аңшы пышағын да салып алған.

Шалқарға келген соң ол жолай кездескен екі оқушыны ұстап, соққыға жыққан. Олардың таяқ жеген сәтін телефонға видеоға түсірген. Осы кезде көмекке келгендердің қатарында 11-сынып оқушысы Әлихан Жәнібек те болыпты.

Марқұм жасөспірім жанжалға араша түспек болған. Алайда сотталушы оның жүрек тұсына пышақ сұғып, кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Ауыр жарақат алған Әлихан сол жерде көз жұмған.

Сотталушының бұған дейін де заң алдында жауапқа тартылғаны белгілі болды. Бір жыл бұрын ол адамды ұрып-соққаны үшін жазаға тартылған.

Марқұмның туыстары сотталушының қанды қылмысқа өшпенділіктен барғанына сенімді.

«Бір-ақ жарақат салып, адамды өлтіріп отыр. Қалай дәл тигізген? Мұндай соққыны тәжірибесіз адамның жасауы қиын деп ойлаймын. Ол ойламаған жерден келген адамға бір-ақ рет пышақ сұғып, дәл жүрек тұсынан жаралаған. Мұндай әрекетке белгілі бір тәжірибе керек сияқты. Біздің баламыз қыршыннан қиылды. Оның көрер қызығы, арманы алда еді. Бәрі бір сәтте үзілді», — дейді марқұмның туысы Ағила Алиманова.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАқмола облысында ұрлықтың алдын алу және қылмыстарды ашу бойынша жұмыс күшейтілді
Next Article Еліміз бойынша 11 қыркүйекке арналған ауа — райы болжамы

Оқи отырыңыз...

91 млн теңге: Ақтөбе облысында заңсыз субсидия алған кооператив басшысы сотталды

16.09.20262

Отбасылық жанжал: Астанада ерлі-зайыпты пышақтасып көз жұмды

16.09.202619

«Екі баласының көзінше болған»: Астанада ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты сұмдық ақпарат тарады

15.09.202653
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Экс-депутат Геннадий Шиповских жаңа қызметке тағайындалды

16.09.20260

«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Гүлзира Айдарбекова Нұрсұлтан Жақсыгенді жақтап шықты

16.09.20268

Атан түйе ойнақтаса жұт болады: Алагөзовтің ерсі биі елге ұнамады (ВИДЕО)

16.09.202644

Президент бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысты

16.09.20261

Президент көлік-логистика әлеуетін нығайтуды тағы бір басымдық деп санайды

16.09.20262

«Жүрегім бір бұлқынып қоятын»: әнші Роза Әлқожа Мәскеудегі қызы туралы шындықты айтты

16.09.2026126

Үстімнен жүк түскендей болды: балаларының әкесін соттатып жіберген Фариза Алмазқызы эмоциясымен бөлісті (ВИДЕО)

16.09.2026224

Музей сөресіндегі жәдігерден ғылыми жаңалыққа дейін: «Ғылым ордасында» халықаралық симпозиум өтті

16.09.202617

91 млн теңге: Ақтөбе облысында заңсыз субсидия алған кооператив басшысы сотталды

16.09.20262

Ұлытау облысында жаппай көгалдандыру бастамасы қолға алынды

16.09.20261

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.