Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Бала қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік»: Алматыда ата-аналарға маңызды мәселелер айтылды
Жаңалықтар

«Бала қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік»: Алматыда ата-аналарға маңызды мәселелер айтылды

НұрланНұрлан11.09.202693
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласы Бостандық ауданындағы №10 жалпы білім беретін мектепте балалардың қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтың алдын алу және отбасы, мектеп пен мамандар арасындағы өзара байланысты нығайту мәселелеріне арналған жалпыаудандық ата-аналар форумы өтті, деп жазады Muztaumedia.kz.

10 қыркүйекте №10 жалпы білім беретін мектепте «Бала қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік» тақырыбында ата-аналар форумы ұйымдастырылды. Іс-шараға ата-аналар, құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу саласының мамандары қатысты.

Фото: Алматы қаласы

Форумның негізгі идеясында баланың қауіпсіздігі тек заңдар мен белгіленген ережелерді сақтаумен шектелмейтініне назар аударылды. Ең алдымен, ол ересектердің балаға көңіл бөлуінен, оған сенім білдіруінен және қажет жағдайда дер кезінде көмек көрсетуге дайын болуынан басталатыны атап өтілді.

Ұйымдастырушылар кездесудің басты назарында баланың өзі мен оның қажеттіліктері болуына ерекше мән берді. Сондықтан форум «Бала көзімен 60 секунд» атты әлеуметтік бейнероликтен басталды. Бейнеролик ата-аналарға әлемге бір сәт баланың көзімен қарап, оның ең жақын адамдарынан нені күтетінін ой елегінен өткізуге мүмкіндік берді.

Фото: Алматы әкімдігі

Форумның негізгі тақырыптарының бірі – буллинг, зорлық-зомбылық және бопсалау мәселелері болды. Бостандық ауданы прокуратурасының аға прокуроры Рахметжанова Әдемі Бауыржанқызы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігі бұзылған жағдайларда ата-аналардың іс-әрекеті және құқықтық жауапкершілік мәселелеріне тоқталды.

Балалардың психологиялық жағдайына қатысты мәселелер де назардан тыс қалмады. Алматы қаласы Бостандық ауданының психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің әдіскері Болат Аяулым Айдынқызы «Қауіпті белгілер: балаға көмек қажет екенін қалай байқауға болады?» тақырыбында сөз қозғады. Ата-аналарға баланың мінез-құлқы мен эмоционалдық жағдайындағы алаңдатарлық өзгерістерді дер кезінде байқаудың маңыздылығы түсіндіріліп, кәсіби көмек алу үшін қандай мамандар мен қызметтерге жүгінуге болатыны айтылды.

Кездесудің келесі бөлімі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналды. Бостандық ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ бөлімінің бастығы, полиция майоры Тамшибаева М.С. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу: жауапкершілік отбасынан басталады» тақырыбындағы баяндамасында отбасының бала бойында заңға бағынушылық пен жауапты мінез-құлықты қалыптастырудағы рөліне тоқталды.

«Баланың құқығы бар… және міндетті…» атты «Мектеп – бала – ата-ана» құқықтық навигаторы аясында Бостандық ауданы бойынша тәрбие жұмысының әдіскері Сәуле Айбекқызы білім беру үдерісіне қатысушылар арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарымен таныстырды. Сонымен қатар Бостандық ауданындағы білім беру ұйымдарының тәрбие және профилактикалық жұмыстарының статистикалық көрсеткіштері, атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен аудан жетістіктері таныстырылды.

Форум бағдарламасында Алматы қаласы Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы Қасымбек Айгүл Жұмабековнамен өткен ашық диалог ерекше орын алды. Ол балалардың қауіпсіздігі, тәрбиесі мен әл-ауқаты отбасы мен мектептің ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті. Ата-аналармен қарым-қатынасты серіктестік, өзара сенім, құрмет және ашық диалог қағидаттарына негіздеу қажеттігіне тоқталды.

Фото: Алматы әкімдігі

Қасымбек Айгүл Жұмабековна ата-аналардың сынып жетекшілерімен, педагог-психологтермен және мектеп әкімшілігімен тұрақты байланыста болуының маңыздылығын атап өтті. Балаға қатысты туындаған мәселелерді алғашқы белгілері байқалған сәттен бастап бірлесіп шешу қажеттігі айтылды. Ашық диалог барысында ата-аналар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне қатысты өзекті сұрақтарды талқылады.

Форум барысында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері де қарастырылды. Бала құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы Өтей Ескендір баланың құқықтары бұзылуы мүмкін жағдайларды дер кезінде анықтау және отбасы, мектеп пен тиісті қызметтердің өзара әрекет етуінің маңыздылығына тоқталды.

Форумның маңызды бөлігінің бірі «Ашық микрофон» алаңы болды. Ата-аналар прокуратура, полиция, білім беру жүйесі және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу саласының мамандарына өз сұрақтарын тікелей қойып, кәсіби түсіндірмелер алды. Бұл формат кездесудің ашық әрі мазмұнды өтуіне мүмкіндік берді.

Форумның қорытынды бөлігі ерекше жылы атмосферада өтті. «Балаға 30 секунд» психологиялық белсенділігі барысында ата-аналарға балаларына сүйіспеншілік, сенім мен қолдау білдіретін қысқа жылы хабарламалар жолдау ұсынылды.

Бұл шағын акция маңызды әңгіменің символдық қорытындысына айналды. Өйткені кейде балаға өзін қауіпсіз сезіну үшін кезекті ақыл-кеңестен гөрі: «Мені жақсы көреді. Мені тыңдайды. Мен көмек сұрай аламын» деген сенім әлдеқайда маңызды.

Форум балалардың қауіпсіздігін бір ғана тараптың күшімен қамтамасыз ету мүмкін еместігін тағы да көрсетті. Отбасы, мектеп және мамандар бірлесе әрекет етіп, қауіп-қатердің алдын алып, баланың жағдайындағы алаңдатарлық белгілерді дер кезінде байқап, қажетті көмек көрсетуі тиіс.

Форумды ұйымдастыру мен өткізуде №10 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі маңызды рөл атқарды. Кездесудің бастамашысы әрі модераторы мектеп директоры Атеева Жазира Тынысбековна болды. Атеева Жазира Тынысбековна директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мажитова Күнсұлу Балтабаевнамен бірге мазмұнды бағдарлама әзірлеп, ата-аналар мен шақырылған мамандар арасында ашық пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Форумды дайындау барысында кездесудің тек ресми ақпарат берумен шектеліп қалмауына ерекше мән берілді. Ұйымдастырушылар құқықтық және профилактикалық мәселелермен қатар баланың үні естілетін, ал ата-аналар мамандармен тікелей пікір алмаса алатын ашық әрі сындарлы алаң қалыптастыруды мақсат етті.

Сондықтан форум бағдарламасында прокуратура, полиция, білім беру жүйесі, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу және бала құқықтарын қорғау саласы мамандарының кәсіби баяндамаларымен қатар «Бала көзімен 60 секунд», «Ашық микрофон», «Балаға 30 секунд» секілді интерактивті форматтар қолданылды.

Мұндай тәсіл кәсіби пікір алмасу мен ата-аналардың белсенді қатысуын ұштастырып, форумның басты бағытын айқындады. Ол – орын алған мәселеге кейін әрекет ету емес, қауіптің алдын алу, баламен сенімді қарым-қатынас орнату және оның қауіпсіздігі мен әл-ауқатына ересектердің бірлесіп жауап беруі.

ата-ана мектеп форум
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Күйеубала керек емес пе?»: Мөлдір Мұқанның қызына қырындаған жігіттің әрекеті көпке ұнамай қалды (ВИДЕО)
Next Article «Көлікті мен жүргіздім»: Нұржан Қалжан достарының өліміне себепші болғанын айтты

Оқи отырыңыз...

Шыңғыс Әрінов Көшпенділер ойындары жеңімпаздарын марапаттады

16.09.202614

Экс-депутат Геннадий Шиповских жаңа қызметке тағайындалды

16.09.20269

Президент бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысты

16.09.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шыңғыс Әрінов Көшпенділер ойындары жеңімпаздарын марапаттады

16.09.202614

Экс-депутат Геннадий Шиповских жаңа қызметке тағайындалды

16.09.20269

«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Гүлзира Айдарбекова Нұрсұлтан Жақсыгенді жақтап шықты

16.09.202668

Атан түйе ойнақтаса жұт болады: Алагөзовтің ерсі биі елге ұнамады (ВИДЕО)

16.09.2026132

Президент бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысты

16.09.20262

Президент көлік-логистика әлеуетін нығайтуды тағы бір басымдық деп санайды

16.09.20262

«Жүрегім бір бұлқынып қоятын»: әнші Роза Әлқожа Мәскеудегі қызы туралы шындықты айтты

16.09.2026220

Үстімнен жүк түскендей болды: балаларының әкесін соттатып жіберген Фариза Алмазқызы эмоциясымен бөлісті (ВИДЕО)

16.09.2026432

Музей сөресіндегі жәдігерден ғылыми жаңалыққа дейін: «Ғылым ордасында» халықаралық симпозиум өтті

16.09.202619

91 млн теңге: Ақтөбе облысында заңсыз субсидия алған кооператив басшысы сотталды

16.09.20264

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.