Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Астанада Құрылтай депутаттарына тоғызқұмалақ тақтасы тарту етілді
Жаңалықтар

Астанада Құрылтай депутаттарына тоғызқұмалақ тақтасы тарту етілді

НұрланНұрлан14.09.20269
Фото: үкімет

Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы мен Қазақстан тоғызқұмалақ спорты федерациясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарына қазақ халқының ұлттық зияткерлік ойыны – тоғызқұмалақ тақтасын тарту етті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Бұл бастама тоғызқұмалақты ұлттық мәдени мұра ретінде дәріптеу, оның тарихи және тәрбиелік мәнін кеңінен насихаттау, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды мемлекеттік деңгейде қолдауға бағытталған.

Бұл шара 9 қыркүйек – Халықаралық тоғызқұмалақ күніне орайластырылды. Аталған дата Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының шешімімен тоғызқұмалақты әлемдік деңгейде насихаттау және ұлттық зияткерлік мұраның маңызын арттыру мақсатында белгіленген болатын.

Құрылтай депутаттарына арнайы хат жолданып, тоғызқұмалақ «қазақ халқының зияткерлік мұрасы, шешім қабылдау мәдениеті мен стратегиялық ойлау философиясының символы» екені атап өтілді. Өз кезегінде заңшығарушы орган өкілдері де бұл бастаманы қолдап, тақталарда ыстық ықыласпен қабыл алды.

«Тоғызқұмалақ – ата-баба даналығы мен парасатын тоғыстырған ұлттық зияткерлік ойынымыз. Бұл ойыншының бойына логикалық ойлау, сабыр, есеп, стратегия және дұрыс шешім қабылдау сияқты қасиеттерді сіңіреді. Ұлттық мұрамызды елдің қоғамдық өмірінің барлық саласында кеңінен насихаттау – ортақ міндет. Сондықтан, Тоғызқұмалақ күні Құрылтай депутаттарына ойын тақтасын тарту етуді жөн деп таптық. Әрбір қазақстандықтың төрінде тұруға тиіс ұлттық құндылығымызды дәріптеуді жалғастыра береміз», – деді Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов.

Тоғызқұмалақ қауымдастығы атынан шараға Дүниежүзі тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Мақсат Раманқұл, Қазақстан тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті Әкім Тұрсын, Қазақстан тоғызқұмалақ спорты федерациясының вице-президенті Шолпан Қадырова, ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясының вице-президенті-Қамқоршылар кеңесі мүшесі Айдарали Раманов қатысты. Федерация өкілдерінің пікірінше, Құрылтай депутаттарына тоғызқұмалақ тақтасын табыстау – символдық мәні зор қадам. Себебі елдің болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылдайтын азаматтарға ұлттық зияткерлік мұраны таныстыру арқылы ұлттық құндылық пен стратегиялық ойлау мәдениетінің сабақтастығы дәріптеледі.

Фото: үкімет

Тоғызқұмалақ бүгінде Қазақстан шеңберінен шығып, әлемнің көптеген елдерінде дамып келе жатқан зияткерлік спорт түріне айналды. Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы ойынның халықаралық деңгейдегі танымалдығын арттыру, ұлттық мектептерді дамыту және жас ұрпақ арасында тоғызқұмалақты кеңінен насихаттау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Фото: үкімет

Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы мен Қазақстан тоғызқұмалақ спорты федерациясы ұлттық ойынды дәріптеу арқылы қазақ халқының мәдени мұрасын сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізуге және әлемдік деңгейде танытуға үлес қосуды жалғастырады.

Құрылтай тоғызқұмалақ
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Сәуле!» деп тірі адамды шақырғандай болдым»: Меруерт Түсіпбаева марқұм құрбысының қабірінде жылады
Next Article «Бірінші әке-шешем жейді!»: тойында тортты лақтырып жіберген күйеу жігіттің әрекеті қызу талқыланды (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20264

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20264

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026396

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202616

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.