Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»«Әділет» партиясы төрағасының орынбасарлары тағайындалды
Қоғам

«Әділет» партиясы төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы15.09.202658
Фото: @adilet_partiyasy
«Әділет» партиясының басшылық құрамы айқындалды. Партия төрағасының бұйрығымен Асхат Оралов, Нұрсұлтан Байтілесов және Эльдар Жұмағазиев төраға орынбасарлары лауазымдарына тағайындалды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы. 

 

​Асхат Оралов бақылау, талдау және қызметті бағалау мәселелеріне жетекшілік етеді. Ол Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған, философия докторы ғылыми дәрежесіне ие.

Асхат Оралов
Фото: «Әділет» партиясы

Оның жастар саясаты саласындағы, мемлекеттік органдар мен партиялық құрылымдардағы басшылық қызметтерде жиған мол кәсіби тәжірибесі бар. Әр жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Астана қаласы әкімінің орынбасары, ҚР Мәдениет және спорт министрі, Президент Әкімшілігінде Мемлекеттік инспектор қызметтерін атқарды. Тағайындауға дейін Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

​Нұрсұлтан Байтілесов құқықтық және заңнамалық бағытқа жетекшілік етеді. Оның кәсіби қызметі сот жүйесімен тығыз байланысты.

​Нұрсұлтан Байтілесов
Фото: «Әділет» партиясы

Ол аудандық сот маманынан бастап, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарына дейінгі қызмет жолынан өтті. Сондай-ақ Парламент Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты болды. Әр жылдары М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде және Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университетте «құқықтану», «экономика» және «бизнес» мамандықтары бойынша білім алды.

​Эльдар Жұмағазиев экономика, салалық және өңірлік даму мәселелеріне жауап береді.

​Эльдар Жұмағазиев
Фото: «Әділет» партиясы

Ол Атырау мұнай және газ институтын, сондай-ақ Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдады. Әр жылдары Атырау облысындағы ішкі саясат саласында қызмет етіп, «Атырау-Ақпарат» КМК өңірлік медиахолдингін басқарған, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында басшылық қызметтерде жұмыс істеді. Партиялық жұмыста мол тәжірибесі бар.

​Бұған дейін партия төрағасының орынбасарлары лауазымдарына коммуникация мәселелері жөнінде — Әлия Адамбаева,

Идеология бағыты бойынша — Ержан Жылқыбаев

Ержан Жылқыбаев
Фото: «Әділет» партиясы

және цифрландыру мәселелері жөнінде — Қаныш Төлеушин тағайындалған еді.

Қаныш Төлеушин
Фото: «Әділет» партиясы

 

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article2027 жылдан бастап жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі өзгереді: ипотека мен несиеде не өзгереді?
Next Article Жетісуда 85 млн теңгеден астам бюджет қаржысы негізсіз жұмсалмақ болған

Оқи отырыңыз...

Қазақ-қырғыз арасындағы ескі жара: Кенесарының кегін көршілер неге еске сала береді

16.09.202615

Аруақтарды қорлаған: Сахнаға «мас боп шыққан» ақын айтыстан шеттетілді

15.09.2026202

Cән әлемінің сұлуы: Майра Мұхамедқызы өзінің жалғыз қызын Қытайды бағындыруға жіберген

15.09.20261 554
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

91 млн теңге: Ақтөбе облысында заңсыз субсидия алған кооператив басшысы сотталды

16.09.20261

Ұлытау облысында жаппай көгалдандыру бастамасы қолға алынды

16.09.20261

«Жүрегіме қатты батады»: Айгүл Иманбаева ел алдында жылап, жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

16.09.202625

2 жыл 3 айға сотталды: Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты үкім шықты (ВИДЕО)

16.09.202662

Шетелдегі қытайлардың мүддесін қорғау: Жунгоның диаспора саясаты қауіп тудыра ма?

16.09.20263

Отбасылық жанжал: Астанада ерлі-зайыпты пышақтасып көз жұмды

16.09.202615

Олжас Бектенов жылыту маусымына дайындық барысы жөнінде кеңес өткізді

16.09.20262

Ақмола облысында «Газель» 4 жасар қызды қағып өлтірді

16.09.20263

«Омырауын салбыратпай шешіне салмады ма?»: Маржан Арапбаева сынның астында қалды (ВИДЕО)

16.09.2026375

Bek Air қожайыны Нұрлан Жұмасұлтанов қамауға алынды

16.09.202686

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.