Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»«15-ке жуық пышақ жарақаты»: Абай облысында 13 жастағы оқушы сыныптасын пышақтаған (ВИДЕО)
Оқиғалар

«15-ке жуық пышақ жарақаты»: Абай облысында 13 жастағы оқушы сыныптасын пышақтаған (ВИДЕО)

НұрланНұрлан15.09.202629
Фото: видеодан кадр

Абай облысында 13 жастағы екі сыныптастың арасында жанжал шығып, жасөспірімдердің бірі екіншісіне пышақ сұққан. Зардап шеккен балаға 15-ке жуық пышақ жарақаты түскен, деп жазады  Muztaumedia.kz.

Оқиға туралы жасөспірімдердің бірінің туыстары айтып берген. Олардың сөзінше, балалар атқа мініп серуендеп, бірге ойнамақ болған. Алайда кейін екеуінің арасында төбелес шыққан.

Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жеткізіліп, оған бірнеше сағатқа созылған ота жасалды. Дәрігерлер оның іш қуысына өткен пышақ жарақатынан оң жақ бүйрегі зақымдалып, көп қан жоғалтқанын анықтаған. Сонымен қатар денесі мен аяқ-қолдарында бірнеше жарақат болған.

«Оған іш қуысына өткен пышақ жарақаты диагнозы қойылды. Соның салдарынан оң жақ бүйрек паренхимасы зақымдалып, көп қан кеткен. Сонымен қатар денесі мен аяқ-қолдарында бірнеше пышақ жарақаты бар, бірінші дәрежелі геморрагиялық шок тіркелді. Операция төрт сағатқа созылды. Қазір баланың жағдайы тұрақты, ол балалар хирургиясы бөліміне ауыстырылды», – деді Семей университеттік госпиталінің педиатрия жөніндегі директор орынбасары Дулат Кәрімов.

Ал жанжалға қатысқан екінші жасөспірім де сол күні ауруханаға жеткізілген. Оның денесінен үш-төрт жеңіл жарақат анықталған.

Қазір полиция оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу нәтижесіне қарай кәмелетке толмағандарды есепке қою және олардың заңды өкілдерін бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тарту мәселесі қаралады.

жарақат мектеп оқушы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЖетісуда 85 млн теңгеден астам бюджет қаржысы негізсіз жұмсалмақ болған
Next Article Елена Рыбакинаға әлемнің бірінші ракеткасы трофейі табысталды (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026351

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.