Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Шыңғыс Әрінов Көшпенділер ойындары жеңімпаздарын марапаттады
Жаңалықтар

Шыңғыс Әрінов Көшпенділер ойындары жеңімпаздарын марапаттады

НұрланНұрлан16.09.202614
Фото: Алматы облысының әкімдігі

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғап, жүлделі оралған Алматы облысының спортшылары марапатталды. Қырғызстанда өткен халықаралық додада бабы мен бағы қатар жанған жүлдегерлерге Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов алғыс айтып, ілтипат білдірді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

“Көшпенділер ойындары – халқымыздың ұлттық болмысын, салт-дәстүрін, ат үстіндегі өнерін әлемге танытатын аса маңызды халықаралық жарыс. Әлемнің 100-ден астам елінен кіл мықтылар қатысқан дүбірлі додада ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Бұл – еліміз үшін үлкен мақтаныш. Біз үшін тағы бір ерекше қуаныш – ел құрамасының сапында Алматы облысы атынан өнер көрсеткен спортшылардың жүлделі орындарға ие болуы. Бұл ретте спортшыларымыздың жеңісіне жол ашқан бапкерлердің де еңбегін ерекше атап өткім келеді. Өңірде ұлттық спортты дамытуға, балалар мен жасөспірімдер арасынан спорт резервін қалыптастыруға ерекше басымдық беріліп келеді. Соңғы жылдары ұлттық спортқа бет бұрған жастардың қатары айтарлықтай артты. Алдағы уақытта ұлттық спортты кеңінен дәріптеуге, оны бұқаралық сипатқа жеткізуге, жас таланттарды іріктеп, мықты спорт резервін қалыптастыруға және ел абыройын асқақтататын саңлақтарға жан-жақты қолдау көрсетуге басымдық береміз. Ұлттық спорттың өркендеуі заманауи әрі қолжетімді инфрақұрылымға да тікелей байланысты, – деді Шыңғыс Сайранұлы.

Сондай-ақ спорт нысандарын салу мен жаңғырту және әрбір тұрғынның спортпен шұғылдануына қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын тілге тиек етті.
Аймақ басшысы санаулы күндерден соң жалауы желбірейтін ХХ Азия ойындарына Қазақстан құрамасы сапында Алматы облысының 24 өкілі спорттың 13 түрінен бақ сынайтынын айтып, барша тұрғындарды осы байрақты бәсекеге қатысатын жерлестерімізге қолдау көрсетуге шақырды.

Бүгінгі іс-шара барысында «Алатау» федерациясының президенті Сәбит Қасенов, көкпардан VI дүниежүзілік көшпенділер ойындарының төрешісі Елдос Тілебалдиев және аламан бәйгеден, көкпардан, көкбөріден жүлделі орындарға ие болған спортшыларға Президентің “Алғыс хаты” табысталды. Өзге спортшылар мен бапкерлер де облыс әкімінің “Құрмет грамотасы” және “Алғыс хатпен” марапатталды.

Дүбірлі додада көк байрақты желбіретіп, жеңіспен оралған спортшылар өздерін елеп-ескерген Мемлекет басшысы мен облыс әкіміне алғыс білдірді.

шыңғыс әрінов
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЭкс-депутат Геннадий Шиповских жаңа қызметке тағайындалды

Оқи отырыңыз...

Экс-депутат Геннадий Шиповских жаңа қызметке тағайындалды

16.09.20269

Президент бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысты

16.09.20262

Президент көлік-логистика әлеуетін нығайтуды тағы бір басымдық деп санайды

16.09.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шыңғыс Әрінов Көшпенділер ойындары жеңімпаздарын марапаттады

16.09.202614

Экс-депутат Геннадий Шиповских жаңа қызметке тағайындалды

16.09.20269

«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Гүлзира Айдарбекова Нұрсұлтан Жақсыгенді жақтап шықты

16.09.202668

Атан түйе ойнақтаса жұт болады: Алагөзовтің ерсі биі елге ұнамады (ВИДЕО)

16.09.2026132

Президент бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысты

16.09.20262

Президент көлік-логистика әлеуетін нығайтуды тағы бір басымдық деп санайды

16.09.20262

«Жүрегім бір бұлқынып қоятын»: әнші Роза Әлқожа Мәскеудегі қызы туралы шындықты айтты

16.09.2026218

Үстімнен жүк түскендей болды: балаларының әкесін соттатып жіберген Фариза Алмазқызы эмоциясымен бөлісті (ВИДЕО)

16.09.2026429

Музей сөресіндегі жәдігерден ғылыми жаңалыққа дейін: «Ғылым ордасында» халықаралық симпозиум өтті

16.09.202619

91 млн теңге: Ақтөбе облысында заңсыз субсидия алған кооператив басшысы сотталды

16.09.20264

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.