Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Кеудесіне 14 оқ тиген: Алматы облысында төбелескендерге араша түскен 23 жастағы жігіт қаза тапты
Оқиғалар

Кеудесіне 14 оқ тиген: Алматы облысында төбелескендерге араша түскен 23 жастағы жігіт қаза тапты

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы20.09.202617
Фото: 7 күн

Алматы облысының Шонжы ауылында төбелес кезінде 23 жастағы жігіт оққа ұшып, қаза тапты. Қайғылы жағдай екі ай бұрын дәмханалардың бірінің алдында болған. Қазір күдікке ілінген екі адам қамауға алынған. Марқұмның отбасы істің әділ тергелуін талап етіп отыр, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Туыстарының айтуынша, Алмас Сламжановтың оң жақ кеуде тұсына бытыра мылтығынан 14 оқ тиген. Жараланған жігіт ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Оның артында жұбайы мен екі қызы қалды.

«Енді қызығын көреміз бе дегенде кісі қолынан қаза тауып отыр. Артында кішкентай балапаны – екі қызы қалды. Балам сондай ақкөңіл еді, ешкімнің көңілін қалдырмайтын. Бір «жоқ» деп айтпайтын еді», – дейді марқұмның анасы Баян Саниязова.

Жақындарының сөзінше, Алмас қазақ күресімен айналысып, спорт шеберіне үміткер болған. Соңғы уақытта ауылдағы құс фабрикасында жұмыс істеген.

Әкесі Бейсенбек Рахимовтың айтуынша, Алмас төбелес кезінде жанжалды ажыратуға барған. Сол сәтте 33 жастағы азамат көлігінен бытыра мылтығын алып шығып, оған оқ атқан.

«Еркексің бе, анау мылтығыңды таста» деген. Сол кезде басып жіберген ғой. Оқ оң жақ қолтығының астына кірген. 14 бытыра екен. Тақалып атқан ғой», – дейді Бейсенбек Рахимов.

Полиция мәліметінше, жанжал түнгі сағат 01:30 шамасында дәмхана алдында басталған. Сөзге келіспеушілік төбелеске ұласып, күдікті атыс қаруынан оқ атқан. Қылмыс құралы тәркіленіп, оның шығу тегі тексеріліп жатыр.

Іс полиция басшылығының бақылауында. Күдіктінің кінәсі сотта дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleРината Султанова Қазақстанға Азиададағы алғашқы алтынды әкелді
Next Article Трамп соғыссыз бағындырды: АҚШ пен Дания Гренландия бойынша келісімге келді

Оқи отырыңыз...

Полицейлер топтасып зорлады: Қонаевта ресейлік қызды зорлады деген күдікпен екі жігіт ұсталды (видео)

30.09.2026182

Шымкентте әйелі күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)

30.09.2026169

Аспандағы айқас: 190-ға жуық жолашуы отырған лайнерде ұшқыштар көкте пышақтасып, ұшақ апатқа ұшырай жаздады

30.09.2026394
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда алғаш рет: Астанада әлемдегі ең ірі AI-кино байқауы қорытындыланды

04.10.20262

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20264

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

03.10.202610

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20261

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20262

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.20261 009

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202617

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.