Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Ұлым әскерден бір айдан соң келем деп еді — Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздың әкесі
Оқиғалар

Ұлым әскерден бір айдан соң келем деп еді — Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздың әкесі

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы25.09.2026393
Марқұм сарбаздың әкесі Жүсіп Оразалиев. Кадр: КТК телеарнасы

Бүгін Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің бірінің әкесі өз ренішін жеткізді. Ол күн райы қолайсыз болатыны ескертілмегеніне наразы, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

«Келесі айда келем деп еді. Неге күн райын біле тұра, хабарлама ала тұра, осындай болды? Теңізге түспе деп те келеді ғой. Бұларды не үшін, неге оқу-жаттығуға жібереді деймін?!

Маған келіп кешірім сұрап, сіздің балаңыз сол жерде мәйітханада жатыр деді. Ол енді менің балам ба, соны білмей отырмын. Неше сағат болды келгенімізге, жалпы бір адам хабар берген жоқ», — дейді марқұм сарбаздың әкесі Жүсіп Оразалиев.

Жан жабығатын қайғылы жағдай Ақтаудан 43 шақырым қашықтағы Omir glamping демалыс базасының маңында болған.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Маңғыстаудағы әскери қызметшілердің қазасы

Бүгін, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы оқиға болды. Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа райы күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан әскери қызметшілерді теңізге алып кетті.

Бастапқыда Қорғаныс министрлігі теңізге алып кеткен 19 әскери қызметшінің тоғызы қаза тапқанын хабарлады. Үш әскери қызметші құтқарылған, олардың біреуі ауруханаға жатқызылған.

Бас прокуратура Ақтау гарнизонындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article37 сүңгуір, 14 кеме мен 20 тікұшақ: Каспийде қос сарбазды іздестіру операциясы нәтижесіз
Next Article «Жүрегім ауырып, айтуға сөз таба алмай отырмын»: Димаш әскери қызметшілердің қазасына қатысты жазба жариялады

Оқи отырыңыз...

Полицейлер топтасып зорлады: Қонаевта ресейлік қызды зорлады деген күдікпен екі жігіт ұсталды (видео)

30.09.2026171

Шымкентте әйелі күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)

30.09.2026162

Аспандағы айқас: 190-ға жуық жолашуы отырған лайнерде ұшқыштар көкте пышақтасып, ұшақ апатқа ұшырай жаздады

30.09.2026391
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20260

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

03.10.20263

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20261

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20261

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026836

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.