Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Елімде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын – Тоқаев
Басты ақпарат

Елімде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын – Тоқаев

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы29.09.2026515
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Германия канцлері Фридрих Мерцпен келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ARD телеарнасы журналистінің Украина аумағындағы әскери іс-қимылдарға қатысты ұстанымы жөніндегі сұрағына жауап берді, деп жазады Muztaumedia.kz.

Журналист Тоқаевтың бұған дейін Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен Омбыда соғысты «қатыру» туралы айтқанын, алайда бұл әзірге жүзеге аспағанын айтып, Мемлекет басшысынан осы жағдайға қатысты пікірін сұрады.

— Мен Президент Путинге бұл мәселе бойынша өзімнің жеке ұстанымымды үлкен түсіністікпен қабылдағаны үшін ризашылығымды білдіремін, өйткені бәріміз, мемлекет басшылары, соның ішінде Ресей Президенті де, Украина аумағындағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуды қолдаймыз. Менің Президент Путинмен қарым-қатынасым өте жақсы. Мен оны көрнекті мемлекеттік қайраткер деп санаймын. Бүгін мен жеткілікті дәрежеде сеніммен Президент Путиннің мемлекеттік қайраткер, Ресей басшысы ретінде – бұл сіздерге біртүрлі естілуі мүмкін – Орталық Азия, соның ішінде Қазақстан үшін де, Еуропа және бүкіл әлем үшін де ең қолайлы саяси тұлға екенін айттым. Мен оны өте жақсы білемін, ол тарихы күрделі, өзінің стратегиялық мақсаттары туралы өзіндік түсінігі бар ірі мемлекетті басқаруға қажетті қасиеттердің бәріне ие. Әрине, Украинада болып жатқан жағдайға бәріміз алаңдаймыз, – деді Мемлекет басшысы. Президент.

Қазақстанның әуел бастан Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының ережелерін ұстанатынын және барлық мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидатын құрметтеу әрі сақтау қажеттігін айтып келе жатқанын атап өтті.

— Біз әуел бастан украин халқына, оның тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне және, әрине, украин тіліне үлкен құрметпен қарайтынымызды айтып келдік, – деп қосты Тоқаев.

Тоқаев соғысты дереу тоқтату қажеттігін айтпағанын атап өтті.

— Мен мұның қазіргі жағдайда, бәлкім, шынайы мүмкін емес екенін түсінемін. Мен Украина аумағындағы әскери іс-қимылдарды «қатыру» туралы айтып отырмын. Осы арқылы дипломатиялық немесе қандай да бір келіссөздер процесіне көшуге болады. Біздің ұстанымымыз – осы. Ресейге қатысты Қазақстан мен Ресей арасында ұзындығы 7597 шақырымды құрайтын ортақ шекара бар екенін ұмытпауымыз керек. Бұл – әлемдегі ең ұзын шекара. Бұл осы елмен достық қарым-қатынастарды дамытуға әсер ететін фактор емес пе? Қазақстан аумағында еліміздің 2,7 миллион ресейлік этнос өкілі тұрады. Біздің елде православ шіркеуі де айтарлықтай деңгейде ұсынылған және біз оған үлкен құрметпен қараймыз. Сондықтан осының бәрін ескеру қажет. Бірден кесіп шешім қабылдауға болмайды, – деді Президент. Мемлекет басшысы.

Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға мүдделі екенін атап өтті.

— Қазақстанға бейбітшілік пен тұрақтылық қажет. Онсыз біз ешқашан табысты мемлекет бола алмаймыз. Қазір біз даму жолында айтарлықтай жетістіктерге жетіп келеміз. Мұны көрсеткіштер де жеткілікті түрде дәлелдейді. Сондықтан Президент ретінде елімде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Бұл ретте Қазақстанмен көршілес аумақта бейбітшілікке қол жеткізуге және соғысты тоқтатуға қолдан келгенше үлес қосамын, – деп қосты Президент.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАқмола облысында суару маусымы су тапшылығынсыз аяқталды
Next Article Шұғыл: Ту-95 ұшағы апатқа ұшырап, алты әскери қаза тапты

Оқи отырыңыз...

ҚазҰУ жатақханасындағы адам өлімі: проректор мен декан жұмыстан босатылды

17.11.202649

«Президент хабардар болды»: Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары жемқорлықпен айналысқанын білген

16.11.2026109

Президент Әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

16.11.202646
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда онлайн-платформалардың жауапкершілігін күшейтуге арналған жаңа шаралар ұсынылды

18.11.20263

«Нота білмейді, музыкалық сауаты жоқ»: Марат Омаров өзгенің әндерін рұқсатсыз айтқан Нұрлан Өнербаевтың адамгершіліктен аттағанын айтты

18.11.2026443

Ан-12 ұшағы апатқа ұшырады: кемі 19 адам мерт болды

18.11.2026248

СҚО-да ер адам суицид жасады, мұны көрген әкесі де өзіне қол жұмсамақ болды

17.11.202619

Атырауда қызылшадан бір жасар сәби көз жұмды: Оған кардиохирург екпе салуға тыйым салған

17.11.202616

Мемлекеттік қарыздың салмағы артты: Қазақстан шығындары 20,6 пайызға көбейді

17.11.202610

Қос студенттің қазасы: билік ҚазҰУ кешенді тексеру жүргізетін болды

17.11.202618

Қамбаға 2 млн тоннадан астам өнім түсті. Алматы облысында күзгі жиын-терім жалғасуда

17.11.20264

57 миллион теңгелік корпоратив пен қолма-қол ақшаға айналдырылған қаражат – Боқаевтың сотында не анықталды

17.11.20269

Бестөбедегі алтын кенішінде тағы бір адам қаза тапты

17.11.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.