Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстан Coursera-ның ЖИ және адами дағдыларды дамыту жөніндегі жаңа индексінде әлемде 55-орынға ие болды
Жаңалықтар

Қазақстан Coursera-ның ЖИ және адами дағдыларды дамыту жөніндегі жаңа индексінде әлемде 55-орынға ие болды

НұрланНұрлан01.10.20262
Фото: gov.kz

Қазақстан Coursera Global Skills Report 2026 жаһандық есебі аясында ұсынылған жаңа AI-Human Skills Synergy Index 2026 индексінде 98 елдің ішінде 55-орынға ие болды. Жаңа индекс білім алушылардың жасанды интеллект саласындағы дағдыларды оларды тиімді қолдануға қажетті сыни ойлау, көшбасшылық, коммуникация және күрделі міндеттерді шешу сияқты негізгі адами құзыреттермен қатар қаншалықты белсенді дамытып жатқанын бағалайды, деп жазады Muztaumedia.kz.  

Индекс онлайн оқыту пайдаланушылары арасында дағдыларды дамыту динамикасын, сондай-ақ оларды ел деңгейінде қолдануға қажетті жағдайларды ескереді. Coursera әдістемесіне сәйкес қорытынды баға дағдыларды меңгеру деңгейі, зерделенетін құзыреттердің ауқымы және AI дағдылары мен адами дағдылардың үйлесімі жөніндегі көрсеткіштерге, сондай-ақ Oxford Insights Government AI Readiness Index деректеріне негізделеді. Аталған индекс мемлекеттердің жасанды интеллект әлеуетін пайдалану мүмкіндігін мемлекеттік саясат, инфрақұрылым, адами капитал, AI секторының дамуы және басқа да факторларды ескере отырып бағалайды.

«Қазақстан AI-Sana ұлттық бағдарламасын іске қосқанда цифрлық курстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету жеткіліксіз екенін түсіндік. Жүйелі өзгерістерге қол жеткізу үшін алынған білімді білім беру процесіне енгізіп, оны іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беретін жағдай жасау маңызды болды. Бүгінде бағдарламаға 100 жоғары оқу орны қатысып, курстарды білім беру процесіне енгізу, нәтижелерді бақылау және жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуына сәйкес оқу мазмұнын тұрақты түрде жаңарту бағытында жұмыс жүргізіп келеді. Сонымен қатар оқытушылардың цифрлық және педагогикалық құзыреттерін дамытуға ерекше мән беріп отырмыз. Қазірдің өзінде 1 200-ден астам педагог заманауи онлайн оқыту әдістерін меңгеріп, сапалы 35 авторлық курс әзірлеуге қатысты. Бұл тәсіл жасанды интеллект саласындағы білімге қолжетімділікті кеңейтіп қана қоймай студенттерді өзгермелі еңбек нарығының талаптарына жүйелі түрде дайындауға мүмкіндік береді», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Қазақстанның нәтижесі цифрлық оқытудың белсенді пайдаланушылары арасында жасанды интеллект саласындағы техникалық құзыреттерге ғана емес, оларды іс жүзінде тиімді қолдануға қажетті дағдыларға да тұрақты қызығушылық бар екенін көрсетеді. Жасанды интеллект білім беру үдерісіне, кәсіби қызметке және күнделікті жұмыс міндеттеріне кеңінен еніп жатқан қазіргі жағдайда мұндай дағдыларды қатар дамыту айрықша маңызға ие.

Бұл ретте AI-Human Skills Synergy Index көрсеткіштерін оның әдістемелік ерекшеліктерін ескере отырып қарастырған жөн. Coursera деректері негізінен платформа пайдаланушыларының білім алуға қатысты белсенділігін көрсетеді және елдегі барлық халықтың дағдылар деңгейін тікелей сипаттамайды. Сондықтан Қазақстанның нәтижесі цифрлық оқытуға қатысушылар арасында AI және адами дағдылардың даму динамикасын көрсететін халықаралық көрсеткіш әрі құзыреттерді дамытудағы жаһандық үрдістерді бағалаудың қосымша құралы.

курсера
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Көпвекторлы саясат жаңа кезеңге бейімделді»: Сарапшы Тоқаевтың сыртқы саясаты туралы айтты
Next Article Ресейге жұмысқа кеткен қазақ жігітін алдап соғысқа жібермек: әпкесі дабыл қақты

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026730

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026199

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026158

Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген

02.10.202622

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.