Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Ресейге жұмысқа кеткен қазақ жігітін алдап соғысқа жібермек: әпкесі дабыл қақты
Жаңалықтар

Ресейге жұмысқа кеткен қазақ жігітін алдап соғысқа жібермек: әпкесі дабыл қақты

НұрланНұрлан01.10.2026127
Screenshot

Шымкент тұрғыны Сымбаттың айтуынша, оның 20 жасқа енді толатын інісі Айнабек Ресейге күзетші болып жұмыс істеуге кеткен. Алайда туыстарының сөзінше, жас жігітке басқа құжаттарға қол қойдырылып, кейін оны Украинадағы соғыс аймағына жіберуге дайындық басталған, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Айнабектің жақындары оның қазір Луганск маңындағы 58198 әскери бөлімінде болуы мүмкін екенін айтады. Жігіт туыстарына WhatsApp арқылы бірнеше рет хабарласып, «2-3 күнде алып кетпесеңіздер, соғысқа жіберу басталып кетті» деп көмек сұраған.

Туыстарының мәліметінше, Айнабектің жанында тағы бірнеше қазақстандық жас бар. Олардың да Ресейге жұмысқа барамыз деп келіп, кейін әскерге қатысты құжаттарға қол қойғаны айтылуда.

Айнабектің әпкесі Сымбат әлеуметтік желіде жағдайды жариялап, құзырлы органдардан көмек сұрады. Оның айтуынша, 2006 жылы туған інісі жақында ғана Қазақстанда әскери борышын өтеп келген.

«Күзетші болып істейсіңдер» деп Ресейге алып барып, алдап құжаттарға қол қойғызған. Қазір соғысқа жіберуге дайындалып жатыр», – деп жазды Сымбат.

Қазір отбасы жағдайды шешу үшін құзырлы органдарға хабарласып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ ол мәселені мемлекеттік деңгейде қарауға шақырып, журналистер мен қоғам белсенділерінен ақпараттық қолдау сұрады.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚазақстан Coursera-ның ЖИ және адами дағдыларды дамыту жөніндегі жаңа индексінде әлемде 55-орынға ие болды
Next Article Тоқаевтың 7 жылдық сыртқы саясаты: Қазақстан халықаралық аренада қалай өзгерді?

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026708

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202612

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026191

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026153

Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген

02.10.202622

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.