Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»Хабардағы қудалау: Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев журналист Аслан Қаженовке араша түсіп, оны ашық қолдады
Қоғам

Хабардағы қудалау: Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев журналист Аслан Қаженовке араша түсіп, оны ашық қолдады

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы07.10.2026115
Screenshot

Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев спорт журналисі Аслан Қаженовті қолдап, оған жасалып жатқан қысым туралы мәлімдемеге үн қосты. Артаев Мемлекет басшысының отандық спортты дамыту және спортшыларды қолдау мәселесін үнемі көтеріп жүргенін атап өтті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Оның пікірінше, халықаралық жарыстарда қазақстандық спортшыларға қатысты туындаған даулы жағдайлар туралы айту және спортшылардың үнін қоғамға жеткізу қылмыс саналмауға тиіс. Олимпиада чемпионы Қаженовтің осы мәселелерді ашық көтергенін ерекше атап өтті.

«Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов бауырымыз ғана шындықты шырылдатып айтып, спортшыларымыздың мұңын мұқым елге жеткізді. Турасын айтқан туғанына жақпайды дегендей, мәселені тереңінен зерделеп шешудің орнына Аслан бауырымызды түрлі жолдармен бопсалап, әртүрлі сылтауларды алға тарта отырып, сөз бостандығынан айырудамыз», – деп жазды Бақтияр Артаев.

Оның пікірінше, мұндай жағдайлар тек журналистерге ғана емес, ел намысын қорғап жүрген спортшыларға да кері әсер етуі мүмкін.

«Осындай оқиғалардан кейін спортшылардың сеніміне селкеу, көңіліне қаяу түседі», – дейді Олимпиада чемпионы.

Артаев спорттағы жеңіс пен жеңілістің қалыпты құбылыс екенін, алайда әділетсіздікке көз жұмуға болмайтынын айтты.

«Спорт – бірде жеңіс, бірде жеңіліс. Бірақ спортта әділетсіздік ешқашан кешірілмейді. Сондықтан бір-бірімізді қолдайық, қолдан келгенше демейік, отандық спортты бірге көтерейік! Аслан ел спортына керек азамат, қайсар мінезді, турасын айтатын мықты журналист. Қоғамға керегі де – осындай азаматтар», – деп түйіндеді Бақтияр Артаев.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleШығара беріңдер: Мақпал Жүнісова «совмин» қызметкерлерінің әділетсіздігін жайып салды
Next Article Өңір басшысы растады: 13 баласын асырап отырған әкені қызымен бірге өлтіріп кетті

Оқи отырыңыз...

«Маған ренжімеңіздерші»: елімізді әлем алдында қорлаған «Борат» қазақстандықтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

29.10.202619

Басты қоздырғыш шынайы дыбыстар: Сексологтар төсекте үнсіз қалатын әйелдерге кеңес берді

23.10.2026552

«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)

23.10.20261 045
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.