Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»ҚАЗСТА Азия ойындарында жеңіске жеткен студенттерін ұлықтады
Жаңалықтар

ҚАЗСТА Азия ойындарында жеңіске жеткен студенттерін ұлықтады

НұрланНұрлан08.10.20268
Фото: ҚазСТА

Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өткен ХХ Азия ойындарында ел намысын қорғаған Қазақ спорт және туризм академиясының студент-спортшыларына Академияда құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өткен ХХ Азия ойындарына Азияның 45 елі мен аймағынан спортшылар қатысып, құрлықтың ең ірі спорт додасында бақ сынады.

Ел намысын халықаралық аренада қорғап жүрген спортшыларға тұрақты қолдау көрсету – Қазақ спорт және туризм академиясының Президенті Қайрат Қайруллаұлы Закирьяновтың басты назарындағы бағыттардың бірі.

Фото: ҚазСТА

Азиада-2026 додасында ҚазСТА студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстан қоржынына 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль қосты.

Солардың қатарында таеквондошы Тамирлан Тілеулес пен семсерлесуші Кирилл Проходов Азия ойындарының чемпионы атанды. Тамирлан Тілеулес таеквондодан тарихи жеңіске жетсе, Кирилл Проходов семсерлесуден Қазақстан құрамасының сапында алтын медаль иеленді.

Фото: ҚазСТА

Ал Алижан Аблагатов ушу-саньдадан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Оның бұл медалі Қазақстан үшін аталған спорт түрінен Азия ойындарындағы алғашқы жүлде болды.

Академия Президенті Қайрат Қайруллаұлы Закирьянов студент-спортшылардың жетістігін жоғары бағалап, Тамирлан Тілеулес пен Алижан Аблагатовқа ректор грантын табыстады. Бұған дейін ақылы бөлімде білім алып келген қос спортшы енді оқуын тегін жалғастырады.

Фото: ҚазСТА

Бұл шешім – ҚазСТА-ның спорттағы жетістікті біліммен ұштастыруға, талантты жастарды қолдауға және олардың кәсіби дамуына жағдай жасауға бағытталған нақты қадамы.

Шараның ерекше сәттерінің бірі – қазақ боксының даңқты өкілі, 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері Серік Қонақбаевтың Академияға арнайы келуі болды.

Серік Қонақбаевқа Қазақ спорт және туризм академиясының Құрметті профессоры атағы берілді. Сондай-ақ оған Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің жоғары ордені Геннадий Головкиннің ұсынысымен табысталды.

Қазақ боксының аңыз тұлғасының Академияға келуі жас спортшылар үшін үлкен мотивация болды. Саналы ғұмырын спортқа арнаған, талай биікті бағындырған Серік Қонақбаевтың өнегелі жолы – бүгінгі студенттер үшін табандылық пен елге қызмет етудің жарқын үлгісі.

Фото: ҚазСТА

Салтанатты шара барысында джиу-джитсудан Азия ойындарының қола жүлдегері Жібек Құлымбетоваға да алғыс хат табысталды.

ҚазСТА үшін чемпиондарды ұлықтау – тек жеңісті атап өту емес, жас ұрпаққа үлгі көрсету, олардың үлкен спорттағы жолына қолдау білдіру. Бүгінгі жеңістер – студент-спортшылардың қажырлы еңбегінің нәтижесі болса, Академия тарапынан көрсетілген қолдау олардың алдағы биіктеріне берілген сенімнің белгісі.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleСал-серілер өлкесіндегі өнерпаздар жиыны: Көкшетауда мәдени апта өтеді
Next Article «Әңгімелері төсектен әрі аспайды»: Жігер Ауыпбаев пен жарының видеосы желіде қызу талқыланды (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.