Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Жол бойынан алынған балық: 9 жасар баланың уланып қайтыс болуына қатысты жаңа мәліметтер
Жаңалықтар

Жол бойынан алынған балық: 9 жасар баланың уланып қайтыс болуына қатысты жаңа мәліметтер

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы09.10.202613

Фото: ЖИ

Маңғыстау облысында ысталған балықтан уланып көз жұмған тоғыз жасар баланың оқиғасы бойынша жаңа деректер анықталды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, эпидемиологиялық тексеру кезінде мамандар ауруханаға түскен науқастарды сұрастырып, оқиғаның мән-жайын зерделеген. Анықталғандай, отбасы мүшелері улануға әкеп соқтырған балық өнімін Атырау облысынан келе жатқан жолда, трасса бойындағы белгісіз орыннан қолдан сатып алған.  Үйге әкелінген өнім тоңазытқышта сақталып, кейін отбасылық шара барысында дастарқанға қойылған.

Салдарынан балықтан дәм татқан алты адамның бесеуі уланып, ауруханаға түскен. Дәрігерлердің көмегіне қарамастан, 9 жасар бала Ақтау қалалық ауруханасында қайтыс болды. Балық өнімінен барлығы 6 адам дәм татып, олардың 5-і ауырып қалды. Жүргізілген эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде балық өнімінің қалдығы қалмаған, сол себепті зертханалық зерттеу жүргізілген жоқ.

— Балық Атырау облысының аумағында сатып алғандықтан, барлық мән-жайды анықтау үшін Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен полиция департаментіне тиісті хаттар жолданды. Нәтижесінде аталмыш балық өнімінің жол бойында сатылғаны туралы деректер анықталмағаны туралы жауап алынды, – деп хабарлады Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мұнайлы ауданының тұрғындары үй жағдайында әзірленген ысталған балықты жеп, ауыр жағдайда ауруханаға түскені хабарланған болатын. Салдарынан уланғандардың арасындағы 9 жасар бала 6 қазанда көз жұмды.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Құдайға не айтайын досымды алған»: жұмыссыз қалған Ринат Зайытов ішкі күйзелісін шығарды
Next Article Елдің байлығын уысында ұстаған байлар: Forbes Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендердің тізімін жариялады

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026350

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.