Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда жоғары жалақы алатын қызметкерлер саны артып келеді
Жаңалықтар

Қазақстанда жоғары жалақы алатын қызметкерлер саны артып келеді

НұрланНұрлан14.10.202611
Фото: gov.kz

2026 жылғы сәуірде Ұлттық статистика бюросы қызметкерлердің есептелген жалақы мөлшері бойынша бөлінісіне жыл сайынғы зерттеу жүргізді. Зерттеуге сәуір айында толық жұмыс істеген қызметкерлер қамтылды. Деректерге қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйақылар, салықтар және зейнетақы аударымдары кіреді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz .

Іріктемелі зерттеу қорытындысы бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардағы қызметкерлер саны 3 378,6 мың адамды құрады. Оның ішінде ерлердің үлесі – 48,1% (1 626,4 мың адам), ал әйелдер – 51,9% (1 752,2 мың адам) құрады.

2026 жылы қызметкерлердің жалақы мөлшері бойынша бөлінісінде жоғары жалақы санаттарына ауысу үрдісі жалғасты.

Жалақысы:

— 100 мың теңгеге дейінгі қызметкерлердің үлесі 3,3%-дан 2,3%-ға дейін төмендеді (-1,0 п.т.);

— 100 мыңнан 300 мың теңгеге дейінгі қызметкерлердің үлесі 43,0%-дан 39,3%-ға дейін төмендеді (-3,7 п.т.);

— 300 мың теңгеден жоғары жалақы алатын қызметкерлердің үлесі 53,7%-дан 58,4%-ға дейін өсті (+4,7 п.т.).

2026 жылғы зерттеу қорытындысы бойынша бірқатар кәсіптер топтарында орташа айлық атаулы жалақы мөлшері өсті. 2025 жылмен салыстырғанда жалақының ең жоғары өсімі өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да сабақтас кәсіптердің жұмысшыларында (13,1%), сондай-ақ өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылар мен жүргізушілерде (10,4%) тіркелді.

Өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салаларының қызметкерлерін қоса алғанда, барлық кәсіптік топтарда атаулы жалақының оң динамикасы байқалды.

Жекелеген кәсіптер мен лауазымдар бойынша жалақы

2026 жылы қызметкерлердің орташа айлық есептелген жалақысы атқаратын кәсібі мен лауазымына қарай ерекшеленді. Ұйым басшыларының орташа айлық жалақысы 1 101,1 мың теңгені құрады.

Инженерлік-техникалық мамандар арасында инженерлердің жалақысы 702,0 мың теңгені, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженерлердің жалақысы 645,0 мың теңгені, инженер-технологтардың жалақысы 617,0 мың теңгені, инженер-энергетиктердің жалақысы 615,1 мың теңгені, ал техниктердің жалақысы 314,7 мың теңгені құрады.

Денсаулық сақтау саласында дәрігерлердің орташа айлық жалақысы 491,4 мың теңгені, фармацевтердің жалақысы 347,7 мың теңгені, фельдшерлердің жалақысы 313,6 мың теңгені, мейіргерлердің жалақысы 264,6 мың теңгені құрады.

Басқа кәсіптер арасында бухгалтерлердің орташа айлық жалақысы 398,6 мың теңгені, автомобиль жүргізушілерінің жалақысы 328,1 мың теңгені, аспаздардың жалақысы 192,6 мың теңгені, күзетшілердің жалақысы 174,2 мың теңгені құрады.

Көрсеткіштерді қалыптастыру әдіснамасы

Көрсеткіштер жыл сайын 2-Т (еңбекақы) «Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп» статистикалық нысаны бойынша жүргізілетін зерттеу негізінде қалыптастырылады.

Зерттеуге есепті жылдың сәуір айында толығымен жұмыс істеген барлық қызметкерлер жатады. сәуір айын толық жұмыс істеген қызметкерлер енгізіледі. Есепті айда жұмысқа қабылданған немесе жұмыстан босатылған қызметкерлер есепке алынбайды.

Халықаралық ұсынымдарға сәйкес маусымдық сыйлықақылар мен еңбек демалысына байланысты төлемдердің әсерін барынша азайту мақсатында есепті ай ретінде сәуір айы таңдалған.

жалақы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАқмола облысында балық аулауға кеткен зейнеткер суға батып кетті
Next Article Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады — Қанат Ысқақов

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026377

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.