Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Қазақстанда түнде ауа температурасы -11 градусқа дейін төмендейді
Басты ақпарат

Қазақстанда түнде ауа температурасы -11 градусқа дейін төмендейді

НұрланНұрлан16.10.202610
Фото: Pixabay

2026 жылғы 16 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz .

Түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігі мен орталығында сынап бағаны 4 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда түнде суық болып, үсік жүретіні болжанады: -4…-6°С.

Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі, оңтүстік пен шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде суық болып, үсік жүретіні болжанады: -1…-6°С. Қонаевта түнде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 18 м/с. Түнгі ауа температурасы: -1…-3°С.

Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі, солтүстік пен орталықта жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында жауын-шашын түседі, негізінен қар жауады, көктайғақ болады, ал облыстың солтүстігі мен шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Түнде және таңертең Павлодарда тұман түседі деп болжанады.

Түнде Абай облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын түседі, негізінен, қар жауады, көктайғақ болады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстік-батысында, орталығында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Петропавлда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстансоққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз облыстың батысында, орталығында 23 м/с дейін жетеді. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда күндіз шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкентте және Түркістанда да солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15–20 м/с.

ауа райы ауа райы болжамы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleПавлодарда төрт оқушы белгісіз заттан уланып қалды
Next Article «Мені ешкім сатқын деп атай алмайды»: Ермұрат Бапи саяси көзқарасының неге өзгергенін түсіндірді (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.