Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Алматы мен Түркістан облысында заңсыз ломбардтан байыған әйелдің 21 пәтері анықталды
Жаңалықтар

Алматы мен Түркістан облысында заңсыз ломбардтан байыған әйелдің 21 пәтері анықталды

НұрланНұрлан19.10.202657
Фото: видео скриншот

Алматы мен Түркістан облыстарында ломбард қызметін жүргізуге құқығы болмаса да, азаматтарға қарыз беріп келген ұйым анықталды. Тергеу дерегінше, күдіктілердің қылмыстық жолмен тапқан табысы 146 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды Muztaumedia.kz .

Бұған дейін «Альби-Ломбард» ЖШС микроқаржылық қызмет көрсететін ұйымдардың тізілімінен шығарылып, ломбард қызметін жүргізу құқығынан айырылған. Алайда компания атауын «Альби-КМ» ЖШС деп өзгертіп, жұмысын жалғастырған.

Ломбардтар негізінен базарлар мен сауда үйлерінің маңында орналасқан. Олар клиенттерді тарту үшін кепілге қойылған бұйымдарға көп ақша төлейтінін айтып, қарыз алудың несие тарихына әсер етпейтінін хабарлаған.

Тергеу мәліметінше, қарыздар күніне 2 пайыздық өсіммен берілген. Бұл заңда белгіленген тәулігіне 0,3 пайыздық шекті мөлшерлемеден алты есеге артық. Қарыз шарттары бұрынғы «Альби-Ломбард» ЖШС-нің мөрі басылған кепіл билеттері арқылы рәсімделген. Ақшалай есеп айырысу қолма-қол және күдіктілердің бақылауындағы банк шоттары арқылы жүргізілген.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жүргізген тергеу аясында күдікті әйелдің мүлкіне сот санкциясымен тыйым салынды. Олардың қатарында 21 пәтер, бес жер телімі, жеті автокөлік, жеті гараж, екі дүкен және қонақүй бар.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

алаяқтық пәтер
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАруды алдаған арсыздар: Алматыда пәтерін жөндетіп жатқан бойжеткенді жұмысшылары тонап кетті (ВИДЕО)
Next Article Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.