Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Pinduoduo мен Claude Қазақстан қазынасына 8 млрд теңге салық аударды
Жаңалықтар

Pinduoduo мен Claude Қазақстан қазынасына 8 млрд теңге салық аударды

НұрланНұрлан20.10.20261
Фото: Ашық дереккөз

Қытайдың Pinduoduo сауда платформасы мен Claude жасанды интеллект көмекшісін әзірлеген америкалық Anthropic компаниясы Қазақстан бюджетіне жалпы сомасы 8 млрд теңге салық төледі, деп хабарлайды Muztaumedia.kz .   

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, салықтық әкімшілендіру нәтижесінде Pinduoduo бюджетке 6,8 млрд теңге, яғни шамамен 15,1 млн доллар аударған. Ал Anthropic компаниясы өткен салық кезеңдері үшін 1,2 млрд теңге немесе шамамен 2,6 млн доллар төлеген.

Ведомствоның хабарлауынша, Anthropic камералдық бақылау нәтижесінде жіберілген хабарламаларды орындаған. Ал Pinduoduo бойынша төлемнің нақты қай салық кезеңдеріне қатысты екені нақтыланбаған.

Қазақстанда Farfetch платформасына қолжетімділік шектелді

Мемлекеттік кірістер комитеті салық талаптарын орындамаған шетелдік интернет-платформаларға қатысты шаралар да қолданылып жатқанын хабарлады.

Атап айтқанда, Ұлыбританияда тіркелген Farfetch платформасының операторына камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама жіберілген. Компания талаптарды орындамағаннан кейін Қазақстан аумағында оның интернет-ресурсына қолжетімділік шектелген.

Farfetch – танымал брендтердің киімдері, аяқкиімдері мен аксессуарлары сатылатын халықаралық онлайн-платформа.

Қолданыстағы заңнама шетелдік интернет-платформалар салық міндеттемелерін орындамаған жағдайда олардың интернет-ресурстарына қолжетімділікті шектеуге мүмкіндік береді. Бұл шара тиісті талаптарға жататын барлық шетелдік платформаларға қолданылады.

Осылайша, салықтық әкімшілендіру нәтижесінде Pinduoduo мен Anthropic Қазақстан бюджетіне қаражат аударса, Farfetch-ке қатысты салық талаптары орындалмағандықтан шектеу енгізілді.

қаржы Қытай
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАбай облысында күтімді қажет ететін балалар санитарлардың зорлығына ұшырады
Next Article «Мені 15 жыл материал қылды»: Мөлдір Мұқан Тұрсынбектен кешірім талап етті

Оқи отырыңыз...

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026300

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202610
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202645

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026300

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202610

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202616

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Оқушылары жаппай уланған Республикалық физика-математика мектебі екінші тоқсанда да ашылмайды

30.10.202611

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.20269

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.