Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Көктайғақ, үсік: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Жаңалықтар

Көктайғақ, үсік: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

НұрланНұрлан22.10.202632
Фото: azattyq-ruhy.kz

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 2026 жылдың 22 қазанында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz .  

Астанада 22 қазанда солтүстік-батыстан соққан желдің кей уақыттардағы екпіні 15-18 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарына қалың қар түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өскеменде 22 қазанда жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, боран соғып, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с қамтиды.

Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұоран соғып, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с дейін жетеді. Семейде 22 қазанда жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Күндіз Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл соғады, аталған өңірлерде солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың шығысында, орталығында 2 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 22 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 22 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда 22 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 22 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түсетіні болжанады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда 22 қазанда аздап жауын-шашын (жаңбыр, кар) жауады, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Қонаевта 22 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Көкшетауда 22 қазанда таңертең және күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 22 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түсетіні болжанады. Түнде және күндіз облыстың батысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Павлодарда 22 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсетіні де болжанады. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі.

ауа райы болжамы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Елуге келсе де жер тепкілеп жүр»: орынсыз биімен мақтанған Тоқтар Серіков елден сөз естіді (ВИДЕО)
Next Article Зеленский Украинаның 25 пайыз аумағын Ресейге беруге келісті

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026327

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.