Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Алматыда миының сирек кездесетін патологиясы бар сегіз жастағы балаға бірегей операция жасалды
Жаңалықтар

Алматыда миының сирек кездесетін патологиясы бар сегіз жастағы балаға бірегей операция жасалды

НұрланНұрлан05.11.202611

Алматы қаласындағы №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасында қазақстандық нейрохирургтер Германиядан келген жетекші маманмен бірлесіп, сегіз жастағы балаға ми гамартомасын алып тастау бойынша күрделі нейрохирургиялық операция жасады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Гамартома – балаларда сирек кездесетін туа біткен патология. Ол ми тіндерінің дамуындағы бұзылыстар салдарынан пайда болатын түзіліс.

Балада туғаннан бастап бірқатар неврологиялық бұзылыстар байқалған. Атап айтқанда, себепсіз күлкі ұстамалары, ұйқы мен сөйлеу бұзылыстары, психикалық және сөйлеу дамуының тежелуі, бас ауруы және есінен тану жағдайлары болған. Баланың ауыр жағдайына мидың белгілі бір аймағында орналасқан сирек түзіліс – гамартома себеп болған. Бұл жағдайда ол эпилепсиялық ұстамалардың пайда болуына түрткі болған.

Бірнеше жыл бойы пациент мамандардың бақылауында болып, дәрі-дәрмекпен ем қабылдаған. Бұған дейін оған хирургиялық араласулар да жасалған. Алайда емге қарамастан, ұстамалар жалғаса бергендіктен, нейрохирургиялық көмектің кезекті кезеңін жүргізу қажеттілігі туындаған.

Операция халықаралық практикалық мастер-класс аясында өткізілді. Оған Германиядағы «Шарите» университеттік клиникасының (Charité – Universitätsmedizin Berlin) балалар нейрохирургиясы бөлімінің жетекшісі, профессор Ульрих-Вильгельм Томале қатысты.

Профессор №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасының нейрохирургиялық тобымен бірлесіп, нейронавигация және операция кезіндегі нейромониторинг технологияларын қолдана отырып, түзілісті микрохирургиялық әдіспен алып тастады. Бұл заманауи технологиялар хирургтерге мидың күрделі құрылымдарын жоғары дәлдікпен бағдарлауға және операция барысында маңызды функционалдық аймақтардың жағдайын бақылауға мүмкіндік береді.

Мастер-класс «Добровольное Общество Милосердие» қоғамдық қорының қаржылық қолдауымен ұйымдастырылды. Мастер-класс барысында мамандар барлығы бес күрделі операция жасады. Сонымен қатар бағдарлама аясында пациенттерге консультациялар беріліп, қазақстандық дәрігерлерге арналған практикалық оқыту іс-шаралары өткізілді.

«Профессор Ульрих-Вильгельм Томаленің келуінің арқасында балалар өмірлік маңызы бар бірегей медициналық көмек алды, ал біздің дәрігерлеріміз жүздеген, тіпті мыңдаған баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін баға жетпес тәжірибе жинақтады. Мұндай мастер-кластардың Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын дамытудағы маңызы зор. Осы мүмкіндіктің жүзеге асуына үлес қосқан әрбір жанға, қайырымдылық жасаған барша азаматқа шын жүректен алғысымды білдіремін!» – деп атап өтті «Добровольное общество „Милосердие“» қоғамдық қорының директоры Аружан Саин.

Өткізілген халықаралық мастер-класс миының ауыр аурулары бар балаларға күрделі жоғары технологиялық операциялар жасауға ғана емес, сонымен қатар шетелдік сарапшымен тәжірибе алмасу арқылы қазақстандық мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік берді.

«Миының күрделі аурулары бар балалардың Қазақстанда жоғары технологиялық медициналық көмек алу мүмкіндігі болғаны біз үшін маңызды. Халықаралық ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және заманауи хирургиялық технологияларды енгізу отандық нейрохирургияны дамытуға және күрделі жағдайдағы пациенттерді емдеу мүмкіндіктерін кеңейтуде», – деп атап өтті №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасының директоры Марат Рабандияров.

№2 балалар қалалық клиникалық ауруханасы балалар нейрохирургиясы мен эпилепсияны хирургиялық жолмен емдеу бағыттарын белсенді түрде дамытып, диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін енгізуді жалғастыруда.

Алматы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Тракторды лизингке аламыз, ал күн станциясын неге алмаймыз?» – Қазақстанның жасыл экономикасындағы түйткілдер
Next Article «Тойдың алдында ұрысып қалдық»: Олжас Абай Дариғамен арадағы жанжал туралы айтты (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20263

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202616

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Этникалық қазақтарға қысым: Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді

17.11.20264

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.20264

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20263

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202616

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.202669

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20263

«Президент хабардар болды»: Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары жемқорлықпен айналысқанын білген

16.11.202689

Әлеуметтік желіні шулатқан әке мен қыздың видеосы: тексеру нәтижесі шықты

16.11.202661

Президент Әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

16.11.202642

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.