Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»«Ешкімге көрсетпей жылап аламын»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жарын еске алды
Шоу бизнес

«Ешкімге көрсетпей жылап аламын»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жарын еске алды

НұрланНұрлан06.11.202695
Фото: әлеуметтік желі

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жары Қайрат Беркімбаевты еске алып, оның өмірден өткеніне төрт жыл толғанын айтты. Ол осы уақыт ішінде жолдасымен ойша сырласып, әлі күнге дейін сағынышын жеңе алмай жүргенін жеткізді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында жүрек тебірентер жазба жариялап, марқұмды сағынышпен еске алатын, дұғасына қосып жүретін жақындарының барына шүкіршілік ететінін жазды.

Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, уақыт өткеніне қарамастан, Қайрат Беркімбаевтың қазасы оның жүрегіндегі жараны жазбаған. Кейде ешкімге білдірмей, оңаша жылап алатынын да жасырмады.

«Қарашаның ызғары… Қайрекеңнің бақилық болғанына бүгін төрт жыл… Өзіңсіз төрт күз, үш қыс, төрт көктем өтті. Бірақ сен кеткен қарашаның ызғары бәрібір жүрегімізден кеткен жоқ… Уақыт емдемейді екен. Тек сағынышпен өмір сүруді үйретеді. Оңай емес… Қатты қиналған сәттерде ешкімге көрсетпей, кейде оңаша жылап аламын. Шыным», – деп жазды ол.

Сондай-ақ тележүргізуші марқұм жарына балалардың өсіп келе жатқанын, немерелерінің өміріндегі жаңалықтарды ойша айтып, сырласатынын жеткізді. Үлкен немересі Ажардың шетелде білім алып жүргенін, ал жиен немересі Таймастың дүниеге келгенін де атап өтті.

Ләйлә Сұлтанқызы жазбасының соңында Қайрат Беркімбаевты ұмытпай, дұғасына қосып жүрген жандарға алғысын білдіріп, марқұмның жаны жәннатта болсын деп тіледі.

Ләйлә Сұлтанқызы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚазақстан чемпионатында сенсация: Элина Базарова Назым Қызайбайды ұтты
Next Article Тоқаев Рахмонды Ақордада қарсы алды: Президенттер қандай мәселелерді талқылайды?

Оқи отырыңыз...

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.20261

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20263

«Мінезі жоқ, өзін таппаған»: Олжас Абай әріптесі Рүстем Жаныамановты сынап тастады (ВИДЕО)

16.11.202629
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.20261

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20261

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202616

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.202635

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20262

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20263

«Президент хабардар болды»: Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары жемқорлықпен айналысқанын білген

16.11.202687

Әлеуметтік желіні шулатқан әке мен қыздың видеосы: тексеру нәтижесі шықты

16.11.202659

Президент Әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

16.11.202641

«Мінезі жоқ, өзін таппаған»: Олжас Абай әріптесі Рүстем Жаныамановты сынап тастады (ВИДЕО)

16.11.202629

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.