Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Тоқаев Рахмонды Ақордада қарсы алды: Президенттер қандай мәселелерді талқылайды?
Басты ақпарат

Тоқаев Рахмонды Ақордада қарсы алды: Президенттер қандай мәселелерді талқылайды?

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы07.11.20265

7 қарашада Астанада Қазақстан мен Тәжікстан президенттерінің ресми кездесуі өтіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Ақордада қабылдады. Салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін екі ел басшысы келіссөз жүргізеді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Ақордада мәртебелі мейманды құрмет қарауылы қарсы алды. Тоқаев пен Рахмон бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Одан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.


Мемлекет басшылары Қазақстанның Мемлекеттік туы алдына барып, кейін шағын құрамдағы келіссөзге аттанды.

Келіссөздің басты тақырыбы – Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту.

Екі ел басшысы стратегиялық әріптестікті нығайту және одақтастық байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.

Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5 қарашада Астанаға келген. Қазақстан президенті мәртебелі мейманды елорда әуежайында өзі қарсы алған.

Келесі күні, 6 қарашада Астанада халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне арналған Ақаба процесінің саммиті өтті.

Бұл бастаманы 2015 жылы Иордания королі II Абдалла көтерген. Оның мақсаты – терроризм мен қауіпсіздікке төнетін өзге де қатерлерге қарсы күресте мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Ешкімге көрсетпей жылап аламын»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жарын еске алды
Next Article Арудың аянышты ажалы: ҚазҰУ-дың студенті жұмбақ жағдайда қаза тапты

Оқи отырыңыз...

«Президент хабардар болды»: Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары жемқорлықпен айналысқанын білген

16.11.202686

Президент Әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

16.11.202640

Қара маскадағы қарақшы: Ақтөбеде адам өлтірген күдіктіден полиция айырылып қалды

16.11.2026120
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.20261

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20261

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202616

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.20269

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20262

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20261

«Президент хабардар болды»: Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары жемқорлықпен айналысқанын білген

16.11.202686

Әлеуметтік желіні шулатқан әке мен қыздың видеосы: тексеру нәтижесі шықты

16.11.202658

Президент Әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

16.11.202640

«Мінезі жоқ, өзін таппаған»: Олжас Абай әріптесі Рүстем Жаныамановты сынап тастады (ВИДЕО)

16.11.202629

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.