Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»78 миллион теңге пайда тапқан: Нұрлан Сабыров енді Ресейде жаңа компания тіркей алмайды
Жаңалықтар

78 миллион теңге пайда тапқан: Нұрлан Сабыров енді Ресейде жаңа компания тіркей алмайды

НұрланНұрлан10.11.20265
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстандық танымал комик Нұрлан Сабыровқа Ресейде жаңа компания тіркеуге тыйым салынды. Шектеу 2029 жылғы 25 наурызға дейін күшінде болады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Бұл туралы ресейлік БАҚ Федералдық салық қызметі мәлімдеді.

Бұған әзілкешке тиесілі «Сабр Продакшн» компаниясының тіркеу құжаттарындағы заңбұзушылықтар себеп болған. Ресей заңнамасына сәйкес, бұрын басқарған кәсіпорнының мәліметтері Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінде жалған деп танылған азаматтарға жаңа компания ашуға рұқсат етілмейді.

Тексеру барысында «Сабр Продакшн» компаниясының заңды мекенжайы туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні анықталған. Осыған байланысты Нұрлан Сабыровқа 2029 жылғы 25 наурызға дейін жаңа заңды тұлғаларды тіркеуге автоматты түрде шектеу қойылған.

Мәліметке сүйенсек, комик бұл компанияны 2025 жылдың сәуірінде кинофильмдер, бейнематериалдар және телебағдарламалар өндіру әрі тарату мақсатында құрған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорынның таза пайдасы 14,3 миллион рубльге (қазіргі бағаммен 78 миллион теңгеден астам) жеткен. Алайда 2026 жылдың қазан айында компанияны тарату рәсімі басталған.

Еске салайық, биыл 30 қаңтарда Нұрлан Сабыровқа Ресейге 50 жыл бойы кіруге тыйым салынғаны белгілі болды. Кейін әзілкештің Ресей азаматтығын алудан бас тартқаны туралы ақпарат тарады.

Ал Қазақстанның Ішкі істер министрлігі комикке қатысты елде қылмыстық іс қозғалмағанын мәлімдеген.

әзілкеш блогер стендап
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАлматыда эколог-блогер Ерлан Қыдырбаев мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды
Next Article Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Оқи отырыңыз...

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20264

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202618

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Этникалық қазақтарға қысым: Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді

17.11.202682

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.202614

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20264

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202618

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.202686

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20263

«Президент хабардар болды»: Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары жемқорлықпен айналысқанын білген

16.11.202690

Әлеуметтік желіні шулатқан әке мен қыздың видеосы: тексеру нәтижесі шықты

16.11.202663

Президент Әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

16.11.202642

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.