Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»«Қыдырәлі ренжімесін»: Ерлан Көкеев «АБК» тобына құруға қатысты ескі дауды қозғады
Шоу бизнес

«Қыдырәлі ренжімесін»: Ерлан Көкеев «АБК» тобына құруға қатысты ескі дауды қозғады

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы12.11.2026296
Коллаж: muztaumedia.kz

Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар «АБК» тобының қалай құрылғаны туралы осы уақытқа дейін түрлі әңгіме айтылып келеді. Алайда әнші Ерлан Көкеев топтың дүниеге келу тарихын баяндап, көпшілікке беймәлім жайттарды ашып берді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Әншінің айтуынша, топ құру идеясы Қыдырәлі Болмановтан шықпаған. Барлығы «Қайдасың» әнін жазу кезінде кездейсоқ басталған.

«Қыдырәлі ренжімесін, ол «бұл менің идеям» дейді. Бірақ шын мәнінде мүлдем басқаша болған», – дейді Ерлан Көкеев.

Оның сөзінше, сол кезде студияда аранжировка жасап жүрген ол әннің вокалын үш дауысқа бөліп жазуды ұйғарған. Алдымен студияға келген Қыдырәлі Болмановты, кейін Медеу Арынбаевты әнге қосқан. Осылайша, үш өнерпаздың дауысы бір әнде тоғысып, топтың құрылуына алғашқы қадам жасалған.

Топтың атауы да кездейсоқ қойылған. Алматы қаласының күніне арналған концертте жүргізуші Александр Сергеевич үш әншіні сахнаға шақырып, есімдерінің алғашқы әріптерінен «АБК» атауын құрастырған. Яғни Арынбаев, Болманов, Көкеев есімдерінің бас әріптері осылайша топтың атауына айналған.

Кейін Қыдырәлі Болманов ұжымның продюсерлік жұмысын қолға алып, демеушілер іздеп, қаржылық мәселелермен айналысқан. Ал Медеу Арынбаевқа Мәскеуден шетелдік демеушілердің ұсыныстары түскеніне қарамастан, үш өнерпаз бірге қалуға шешім қабылдаған.

Олар тіпті достықтарының белгісі ретінде қан арқылы бауырласу рәсімін жасаған.

Айта кетейік, 2026 жылы «АБК» тобының құрылғанына 30 жыл толды.

АБК әншілер Болманов Көкеев
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Маскүнем, ақымақ»: Желтоқсаншыларды қорлаған әйелге іздеу жарияланды
Next Article «Шаңыраққа оралды»: Әнші Нұрлан Албан елден сүйінші сұрады (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.20264

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20263

«Мінезі жоқ, өзін таппаған»: Олжас Абай әріптесі Рүстем Жаныамановты сынап тастады (ВИДЕО)

16.11.202630
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Этникалық қазақтарға қысым: Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді

17.11.20264

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.20264

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20263

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202616

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.202669

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20263

«Президент хабардар болды»: Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары жемқорлықпен айналысқанын білген

16.11.202689

Әлеуметтік желіні шулатқан әке мен қыздың видеосы: тексеру нәтижесі шықты

16.11.202661

Президент Әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

16.11.202642

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.