Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты
Жаңалықтар

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

НұрланНұрлан17.11.20262
Фото: Видео скриншот

Атырау облысында 90 жастағы қария туған ұлының үстінен сотқа шағымданып, өзіне жасалған қорлықты баяндады. Қария сот отырысына өзі келіп, кенже баласының заң алдында жауап беруін талап етті,  деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының тұрғыны Әділхан Сисенов сот отырысына қатысу үшін көршілес Жылыой ауданына барған. Оның айтуынша, кенже ұлы оны үйге қамап, қол-аяғын скотчпен байлаған. Сондай-ақ бірнеше рет басынан ұрып-соққан. Қария денсаулығының нашарлауына осы жағдай себеп болғанын айтады.

«Төрт айдан бері неге қамамайды? Мені қамағаны, қол-аяғымды байлағаны, тас төбемнен ұра берді. Сол ұрғанның зардабынан инсульт алдым. Басымда ұра бергеннің зардабы жиналды. Ұрып, жығып, бәрін алған да, киім-кешегімді бермей қойды. Қазір балалардың киімін киіп жүрмін», – деді Әділхан Сисенов.

Оқиға биыл маусым айында болған. Ауылда көмек таба алмаған қария қалаға келіп, журналистерге сұхбат бергеннен кейін жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырған. Осыдан соң оның кенже ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қарияның сөзінше, баласы бұған дейін де бірнеше рет қол көтерген. Алайда ол құқық қорғау органдарынан тиісті көмек ала алмағанын мәлімдеді.

Іс бойынша айыпталушы – арызданушының 47 жастағы кенже ұлы. Ол әкесінің қара шаңырағында тұрған. Алайда сот отырысында ер адам өз кінәсін мойындамаған.

Сотқа жәбірленушінің туыстары да келіп, қарияның құқығын қорғауды талап етті. Олардың айтуынша, бұл – істің үшінші сот отырысы. Туыстары Әділхан Сисеновтің денсаулығы біртіндеп жақсарып келе жатқанын жеткізді.

«Сағыз стансасынан келіп тұрмыз. Осымен үшінші рет. Туған ағамыз үшін келіп отырмыз ғой. Қолымен істегенді мойнымен көтерсін. Ағайынның бәрімен қазір араз болдық, осы баланың қылығынан. Ауырып қалып еді, қазір жақсы, есі орнына келіп жатыр. Өткенде микроинсульт алды ғой», – деді жәбірленушінің қарындасы Кенжетай Сисенова.

Айта кетейік, маусым айында Әділхан Сисенов ұлының үстінен арыз жазғанымен, тиісті шара қолданылмағанына шағымданған еді. Сондай-ақ баласының бұрын ішкі істер саласында қызмет еткенін айтып, істің әділ қаралатынына күмән келтірген.

Кейін қарияға күш қолдану дерегі бойынша кенже ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Дегенмен айыпталушы әзірге қамауға алынбаған. Қазіргі уақытта іс бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр.

атырау әкесі қария
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАстанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған
Next Article «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202616

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263

Әлеуметтік желіні шулатқан әке мен қыздың видеосы: тексеру нәтижесі шықты

16.11.202661
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.20261

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20262

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202616

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.202648

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20263

«Президент хабардар болды»: Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары жемқорлықпен айналысқанын білген

16.11.202688

Әлеуметтік желіні шулатқан әке мен қыздың видеосы: тексеру нәтижесі шықты

16.11.202661

Президент Әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

16.11.202642

«Мінезі жоқ, өзін таппаған»: Олжас Абай әріптесі Рүстем Жаныамановты сынап тастады (ВИДЕО)

16.11.202630

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.