Бүгін, 17 қараша күні Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух тікелей эфир кезінде өз еркімен отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Оның тікелей эфирі facebook-тегі ресми парақшасында трансляцияланды.
Қазір бұл елде Таван – Толгой – Гашуунсухайт теміржол құрылысына қатысты үлкен дау туды. Яғни, осы теміржолды салу үшін билік құпия тендер өткізіп, 110 млн доллар көлемінде пара алды деген күдікке ілінген еді.
Сондықтан кеше, 16 қараша күні елдегі оппозиция президент пен осы айып тағылып отырған өзге де шенеуніктердің отставкасын талап еткен.
Бүгінгі тікелей эфир кезінде президент ары таза екенін мәлімдем, өзінің кінәсіз екенін дәлелдеймін деді.
«Бұл айыптың бәрі жалған екенін дәлелдеу үшін мен қызметімнен кетіп, өзімнің ар-намысымның таза екенін дәлелдеймін», — деді Ухнаагийн Хурэлсух.
Президент тергеумен де ынтымақтастық орнатып, параға қатысты айыпты жоққа шығармақ. Еске салайық, жаз бойы Баян- Өлгей аймағындағы қазақтарға қысым жасалды. Қазақ-монгол болып екі елдің халқы айтысты. Тіптен бұл іске ел президентінен бастап, депутаттарға дейін араласты.


