Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Жарты миллион гектар жер қайтарылды: Алматы облысында бос жатқан жерлерге 60 млрд теңге инвестиция тартылды
Жаңалықтар

Жарты миллион гектар жер қайтарылды: Алматы облысында бос жатқан жерлерге 60 млрд теңге инвестиция тартылды

НұрланНұрлан18.11.20266
Фото: gov.kz

Алматы облысында бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және қайта айналымға енгізу жұмыстары жалғасып жатыр. 2022 жылдан бері өңірде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған 563,9 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Ал жер қоры есебіндегі алқаптарды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы айналымына енгізілген жер көлемі 585,2 мың гектарды құрады. Оның 240,4 мың гектары шаруаларға берілді. Бұл алқаптардың 9,8 мың гектары – егістік, 230,6 мың гектары – жайылым. Бұдан бөлек, 291,7 мың гектар жер ауыл тұрғындарына мал жаюға, ал 53,1 мың гектар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бөлінді.

Мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерде өңірдің өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, логистика, қайта өңдеу және туризм салаларын дамытатын 5 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бес жобаның жалпы құны – 60,2 млрд теңге. Оларды жүзеге асыру нәтижесінде 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Ең ірі жоба Қонаев қаласында жүзеге асады. Мұнда 35,2 млрд теңгеге ірімшік зауыты салынып, 250 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Ал Алатау қаласында 11,7 млрд теңгеге икемді қаптама өндіретін кәсіпорын ашу жоспарланған. Бұл жоба толық жүзеге асса, 120 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ Іле ауданында 7 млрд теңгеге өндірістік-логистикалық кешен салу көзделген. Ал Еңбекшіқазақ ауданында базальт мақтасын өндіретін зауыт іске қосылады. Жалпы құны 5 млрд теңге болатын жоба аясында 100-ге дейін жұмыс орны ашылады. Бұдан бөлек, Қонаев қаласында 1,3 млрд теңгеге «Alatau Eco Resort» демалыс аймағы салынады.

Алматы облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Аманжол Әбдірахмановтың айтуынша, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және оларды мемлекетке қайтару жұмысы тұрақты бақылауда.

«Пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау үшін ғарыштық мониторинг пен «JerInSpectr» платформасы қолданылады. Ғарыштан алынған деректер алдымен аудандық және қалалық әкімдіктерге жіберіліп, сол жерде тексеріледі. Жердің пайдаланылмағаны расталған жағдайда жер пайдаланушыларға кемшіліктерді жою туралы нұсқама беріледі. Талаптар орындалмаса, заңнамада белгіленген тәртіппен жерді қайтару мәселесі қаралады», – деді Аманжол Әбдірахманов. 

Алматы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚарағандыда сауда үйлерінің бірінен ер адамның мәйіті табылды
Next Article «17 жыл бойы күткен қуаныш»: Жахан Отарғалиев үшінші әйелі жүкті екенін айтты (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда тыңшылық жасады деген айыппен өзбекстандық профессор 10 жылға сотталды

19.11.20261

Президент жетекші шетелдік университеттердің басшыларымен дөңгелек үстел өткізді

19.11.20260

Арман Қырықбаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтпен кездесті

19.11.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда тыңшылық жасады деген айыппен өзбекстандық профессор 10 жылға сотталды

19.11.20261

Президент жетекші шетелдік университеттердің басшыларымен дөңгелек үстел өткізді

19.11.20260

Арман Қырықбаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтпен кездесті

19.11.20262

Қарағанды облысында балық аулауға шыққан үш адам қаза тапты

19.11.20262

Тоқаев ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың еңбегін атап өтті

19.11.20269

«Келін бөлек шыққысы келді»: Ақбота Керімбекова ұлының не себепті ажырасқанын айтты

19.11.202662

Шэньчжэнь қаласында Ресей, Қытай және АҚШ басшыларының үшжақты келіссөздері басталды

19.11.20261

«Самұрық-Қазына» қорының тағы бір топ-менеджері тергеуге ілікті

19.11.202636

Қазақстан университеттерінің дипломдары Батыс және Шығыс елдерінде мойындалатын болды

19.11.20261

Мемлекет басшысы: «7 миллионнан астам баланың есепшотына 2,5 млрд доллар аударылды»

19.11.20261

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.