Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Президент жетекші шетелдік университеттердің басшыларымен дөңгелек үстел өткізді
Басты ақпарат

Президент жетекші шетелдік университеттердің басшыларымен дөңгелек үстел өткізді

НұрланНұрлан19.11.20260
Фото: Ақорда

Президент халықаралық ұйымдар және жетекші шетелдік университеттер басшыларымен өткен дөңгелек үстелге қатысты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

🔹Мемлекет басшысы бұл жиын серіктестікті жаңа әрі сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

– Бүгінде мұның маңызы арта түсті. Қазіргі геосаяси шиеленіс білім мен технология салаларына да әсер етіп отыр. Ғылыми ынтымақтастық қауіпсіздік тұрғысынан қарастырыла бастады. Озық жетістіктерді ортақ игілік емес, бәсекелестік құралы ретінде қабылдау жиіледі. Бұған білім мен технология дамудың негізгі қозғаушы күшіне айналған кезеңде куә болып отырмыз. Жасанды интеллект, жаңа материалдар, энергетикалық және биотехнологиялар экономиканы, еңбек нарығын, сондай-ақ білім беру жүйесін өзгертіп жатыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

🔹Президент білімнің жаңа бағыттарын игеруге, білікті маман даярлауға және ғылыми идеяларды технологияға айналдыруға қабілетті елдер ғана табысқа жете алатынына назар аударды.

– Біз елімізді халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі әрі түрлі өңірлерді байланыстыратын көпір ретінде таныта алдық. Адам капиталын дамыту, білім-ғылымды және инновацияны ілгерілету – ұлттық стратегиямыздың негізгі бағыттары. Тағы да атап өткім келеді, бұл басымдықтар еліміздің тарихында алғаш рет Конституциямызда мемлекеттің стратегиялық мақсаттары ретінде бекітілді. Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауымда технологиялық жаңаруды жеделдету, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ азаматтарымызды жаңа цифрлық экономикаға бейімдеу қажеттігіне баса мән бердім. Бұл мақсатқа қол жеткізу жекелеген бастамаларды емес, керісінше мемлекеттің, университеттер мен бизнестің дәйекті әрі үйлесімді әрекет етуін талап етеді, – деді Мемлекет басшысы.

Ақорда Тоқаев
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАрман Қырықбаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтпен кездесті
Next Article Қазақстанда тыңшылық жасады деген айыппен өзбекстандық профессор 10 жылға сотталды

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда тыңшылық жасады деген айыппен өзбекстандық профессор 10 жылға сотталды

19.11.20268

Арман Қырықбаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтпен кездесті

19.11.20262

Қарағанды облысында балық аулауға шыққан үш адам қаза тапты

19.11.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда тыңшылық жасады деген айыппен өзбекстандық профессор 10 жылға сотталды

19.11.20268

Президент жетекші шетелдік университеттердің басшыларымен дөңгелек үстел өткізді

19.11.20260

Арман Қырықбаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтпен кездесті

19.11.20262

Қарағанды облысында балық аулауға шыққан үш адам қаза тапты

19.11.20262

Тоқаев ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың еңбегін атап өтті

19.11.20269

«Келін бөлек шыққысы келді»: Ақбота Керімбекова ұлының не себепті ажырасқанын айтты

19.11.202665

Шэньчжэнь қаласында Ресей, Қытай және АҚШ басшыларының үшжақты келіссөздері басталды

19.11.20261

«Самұрық-Қазына» қорының тағы бір топ-менеджері тергеуге ілікті

19.11.202638

Қазақстан университеттерінің дипломдары Батыс және Шығыс елдерінде мойындалатын болды

19.11.20261

Мемлекет басшысы: «7 миллионнан астам баланың есепшотына 2,5 млрд доллар аударылды»

19.11.20261

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.